Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы N 530 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2022 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 126 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 126 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
2003 жылғы 4 маусымдағы
N 530 қаулысымен
бекітілген

Аэротүсiрілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.04.2020 № 185 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және оларды беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік, арнайы және (немесе) салалық мақсаттағы қызмет үшін фотографиялық, телевизиялық, инфрақызыл, радиолокациялық және басқа да аппаратураның көмегімен орындалатын аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және оларды беруді геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аэротүсірілім – электромагниттік толқындар спектрінің әртүрлі учаскелерінде жұмыс істейтін түсіру жүйелерін (ақпарат қабылдағыштарды) пайдалана отырып, жергілікті жерді ұшу аппараттарынан түсіру;

      2) аэротүсірілім жұмыстары – ұшу-түсіру жұмыстарынан және деректерді өңдеуден тұратын жұмыстар.

2-тарау. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және рұқсатты беру тәртібі

      4. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың (бұдан әрі – құжаттар) электронды көшірмелерімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтінішті "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы береді.

      Уәкілетті орган рұқсатты құжаттар келіп түскен күннен бастап он үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      5. Рұқсат беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтініш;

      2) меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері немесе әуе кемесін жалға алу шарты не әуе кемесі бар меншік иесімен аэротүсірілім жұмыстарына қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

      3) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақ картограммасының электрондық көшірмесі;

      4) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобаларының (немесе техникалық тапсырмаларының) электрондық көшірмелері.

      Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту береді.

      6. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, мәлімделген жұмыстардың бұрын жүргізілген аэротүсірілім жұмыстарын қайталайтыны анықталған жағдайда (бұдан әрі – қайталау), уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Бұл жағдайда аэротүсірілім жұмыстарына өтініш беруші бұрын жасалған аэротүсірілім материалдары мен деректерін пайдаланады.

      7. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар толық болған және қайталау анықталмаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге келісу туралы сұратуды қоса тіркелген құжаттармен бірге жолдайды.

      8. Мемлекеттік органдар құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарап, уәкілетті органға олар бойынша оң не қарсы жауап жібереді.

      Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап бермеген жағдайда, рұқсат беру келісілді деп есептеледі.

      9. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың оң жауаптарын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат береді, оның қолданылу мерзімі ағымдағы жылдың соңына дейін болады.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-1-бабында көзделген негіздер бойынша уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      10. Жұмыстар аяқталған соң өтініш беруші өзі жасаған аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына авторлық құқықтарын сақтай отырып, өтеусіз ұсынады.

      11. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу рұқсаттардың және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      12. Уәкілетті органның әрекетімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

  Аэротүсірілім жұмыстарын
жүргізуге рұқсаттарды тіркеу,
есепке алу және беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

[Уәкілетті органның атауы, деректемелері
(мемлекеттік тілде)]



 

[Уәкілетті органның атауы,
деректемелері
(орыс тілінде)]

      Нөмірі_________ 20__ жылғы "___" _______

Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтініш

      Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұраймын. Аэротүсірілім объектілерінің аумақтық орналасуы _

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      аэротүсірілім ауданы _________________________________ (шаршы километр)

      аэротүсірілімнің мақсаты _____________________________________________

      аэротүсірілімнің техникалық шарттары ________________________________

      аэротүсірілім шарттары және уақыты ___________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      [Жасалған күні] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса)]



      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

  Аэротүсірілім жұмыстарын
жүргізуге рұқсаттарды тіркеу,
есепке алу және беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

[Уәкілетті органның атауы, деректемелері
(мемлекеттік тілде)]



 

[Уәкілетті органның атауы,
деректемелері
(орыс тілінде)]

Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат

      Нөмірі_________ 20__ жылғы "___" _______

      Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не заңды тұлғаның толық атауы

      ____________________________________________________________________

      Жұмыстардың түрі және мақсаты _______________________________________

      Жұмыс учаскесінің орналасқан жері ____________________________________

      Жүргізуге өтініш берілген мынадай жұмыстарға рұқсат берілді ______________

Р/с
Сұралып отырған жұмыстардың атауы Жұмыс көлемі Жұмыс көлемі
Өтініш берілді Өлшем бірлігі
(шаршы километр)
Рұқсат берілді Өлшем бірлігі
(шаршы километр)
1 2 3 4 5 6






  20__ жылғы "___"______ дейін жарамды

      [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса)]



      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

  Аэротүсірілім жұмыстарын
жүргізуге рұқсаттарды тіркеу,
есепке алу және бер
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

[Уәкілетті органның атауы, деректемелері
(мемлекеттік тілде)]



 

[Уәкілетті органның атауы,
деректемелері
(орыс тілінде)]

  Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не заңды тұлғаның толық атауы _______________

Дәлелді бас тарту

      Нөмірі_________ 20__ жылғы "___" _______

      Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган Сіздің 20___ жылғы "___" ______ өтінішіңізді қарап, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден бас тартады, себебі:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса)]



      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

On Approval of the Rules for registration, accounting and issuance of permits for aerial surveys

Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated June 4, 2003 N 530.

      Unofficial translation

      Footnote. Heading as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 19.01.2012 No. 126 (shall be enforced from 30.01.2012).
      Footnote. It became invalid by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 18.03.2022 No. 141 (effective after ten calendar days after the date of its first official publication).

      In order to implement the Law of the Republic of Kazakhstan dated July 3, 2002 "On Geodesy and Cartography", the Government of the Republic of Kazakhstan decides to:

      1. Approve the attached Rules for registration, accounting and issuance of permits for aerial surveys.

      Footnote. Paragraph 1 as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 19.01.2012 No. 126 (shall be enforced from 30.01.2012).

      2. This decree comes into force from the date of signing.

      Prime-Minister of the
Republic of Kazakhstan

  Approved
by the decree of the Government
of the Republic of Kazakhstan
dated June 4, 2003 № 530

The Rules for registration, accounting and issuance of permits for aerial surveys

      Footnote. The Rules as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 08.04.2020 No. 185 (shall be enforced twenty-one calendar days after the day of its first official publication).

Chapter 1. General provisions

      1. These Rules are developed in accordance with subparagraph 8) of Article 6 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated July 3, 2002 "On Geodesy and Cartography" and determine the procedure for registration, accounting and issuance of permits for aerial surveys.

      2. Registration, accounting and issuance of permits for aerial surveys performed using photographic, television, infrared, radar and other equipment for activities of state, special and (or) industry purposes, are carried out by the authorized body in the field of geodesy and cartography (hereinafter - the authorized body).

      Registration, accounting and issuance of permits for aerial surveys are carried out in order to ensure the defense and national security of the Republic of Kazakhstan during aerial surveys.

      3. The following concepts are used in these Rules:

      1) aerial photography - surveying the terrain from aerial devices using surveying systems (information receivers) operating in different parts of the spectrum of electromagnetic waves;

      2) aerial photography surveys - work consisting of flight survey work and data processing.

Chapter 2. Procedure for registration, accounting and issuance of a permit for aerial surveys

      4. In order to obtain a permit to conduct aerial surveys (hereinafter referred to as the permit), individuals and legal entities (hereinafter referred to as the applicants) submit an application to the authorized body for the conduct of aerial photography surveys, in accordance with Appendix 1 to these Rules, with electronic copies of documents attached (hereinafter referred to as documents) specified in paragraph 5 of these Rules, through the web portal of "electronic government" www.egov.kz.

      The permit is issued by the authorized body no later than thirteen working days from the date of receipt of the documents.

      5. List of documents required for issuing a permit:

      1) an application for aerial surveys in the form of an electronic document certified by the electronic digital signature of the applicant, in accordance with Appendix 1 to these Rules;

      2) electronic copies of documents confirming the right of ownership or a lease agreement for an aircraft or an agreement for provision of services with an owner who has an aircraft for aerial survey;

      3) an electronic copy of the cartogram of the territory where aerial surveys are planned, indicating its geographical coordinates;

      4) electronic copies of technical projects (or terms of reference) for the planned aerial surveys.

      The authorized body, within two working days from the date of receipt of the applicant's documents, checks the completeness of the submitted documents.

      If the applicant submits an incomplete package of documents, the authorized body within the specified time limits gives a reasoned refusal to further consider the application.

      6. In case of detection of duplication of the claimed works financed from the state budget, to the previously conducted aerial surveys (hereinafter referred to as duplication), the authorized body within two working days from the date of receipt of the applicant's documents notifies him of this. In this case, the applicant for aerial surveys uses previously created aerial survey materials and data.

      7. In cases of completeness of the submitted documents specified in paragraph 5 of these Rules, and the absence of duplication, the authorized body, within two working days from the date of receipt of the applicant's documents, sends a request with the attached documents for approval of aerial surveys to the Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan, the National Security Committee of the Republic of Kazakhstan and the State Security Service of the Republic of Kazakhstan (hereinafter referred to as the state bodies).

      8. State bodies, having considered the submitted documents, within ten working days from the date of receipt of the documents, send positive or negative responses to the authorized body.

      If the state authorities fail to provide a response within the established timeframe, the issuance of a permit is considered agreed.

      9. The authorized body, within one working day from the date of receipt of positive responses from state bodies, issues a permit in the form, in accordance with Appendix 2 to these Rules, valid until the end of the current year.

      On the grounds provided for in Article 19-1 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated April 15, 2013 "On Public Services", the authorized body within the specified time limits prepares and sends to the applicant a reasoned refusal to issue a permit in the form in accordance with Appendix 3 to these Rules.

      10. Upon completion of the work, the applicant submits free of charge one copy of copies of the aerial survey, geodetic and cartographic materials and data created by him to the National Cartographic and Geodetic Fund of the Republic of Kazakhstan with preservation of copyright.

      11. Registration and accounting of issued permits are maintained in the state information system of permits and notifications.

Chapter 3. Final provisions

      12. In case of disagreement with the actions of the authorized body, the applicant may appeal against the decision of the authorized body in the manner prescribed by law.

  Appendix 1
to the Rules for registration,
accounting and issuance of permits
for aerial surveys
  Form

[Name of the authorized body, details
(in the state language)]


 

[Name of the authorized body, details
(in the Russian language)]

      No _________ "___" ______20___

Application for aerial surveys

      I ask you to issue permission to conduct aerial survey. Territorial placement of aerial photography objects

            ____________________________________________________________________

            ____________________________________________________________________

            the area of aerial photography survey ____________________________ (square kilometers)

            purpose of aerial photography survey ___________________________________________

            aerial photography specifications ______________________________________________

            conditions and time of aerial photography survey _________________________________

            I agree to the use of information constituting a secret protected by law contained in information systems.       [Date of creation] [Last name, first name, patronymic (if any) of the signer]

     


  Appendix 2
to the Rules for registration,
accounting and issuance of permits
for aerial surveys
  Form

[Name of the authorized body, details
(in the state language)]


 

[Name of the authorized body, details
(in the Russian language)]

Permission for conduct of aerial surveys

      No _________ "___" ______20___

            Surname, name, patronymic (if any) of an individual or full name of the legal entity

      ______________________________________

      Type and purpose of work ______________________________________________

      Location of work site _______________________________________

      The following works declared for production are allowed:

     


 

Name of requested works

Amount of work

Amount of work

Declared

Unit of measurement
(square kilometers)

Permitted

Unit of measurement
(square kilometers)

1

2

3

4

5

6







                                                      Valid until: "_____"
                                                      _______20___
      [Position of the signer]                   [Last name, first name, patronymic (if any) of the signer]

     


  Appendix 3
to the Rules for registration,
accounting and issuance of permits
for aerial surveys
  Form

[Name of the authorized body, details
(in the state language)]


 

[Name of the authorized body, details
(in the Russian language)]

                                          Last name, first name, patronymic (if any) of
                                          an individual or a full name of a legal entity
                                          ____________________________

Reasoned refusal

      No _________                   "___" ______20___

            The authorized body for geodesy and cartography, having considered your application No.

      _________ dated "___" _____ 20__, refuses to issue permission to conduct aerial surveys for the following reason:

            [the reason of the reasoned refusal]

            [Position of the signer]                   [Surname, name, patronymic (if any) of the signer]