2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылатын лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру үшін қарыз беруші банкті белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 545 қаулысы

      "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Агроөнеркәсіп кешеніне кредит берудің және оны субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына сәйкес 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 3 276 811 000 (үш миллиард екi жүз жетпiс алты миллион сегіз жүз он бiр мың) теңге сомасындағы қаражат есебінен жүзеге асырылатын лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру үшін "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы қарыз беруші банк болып белгіленсін. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.19. N 1280 қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру үшін тиісті шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Об определении банка-заемщика для кредитования обеспечения сельскохозяйственной техникой на лизинговой основе, осуществляемого за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2003 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июня 2003 года N 545

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2002 года N 832 "Об утверждении Правил финансовых процедур по исполнению бюджета и ведению форм отчетности (периодической и годовой) для государственных учреждений, содержащихся за счет государственного бюджета" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Определить банком-заемщиком для кредитования обеспечения сельскохозяйственной техникой на лизинговой основе, осуществляемого в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2003 года N 259 "О некоторых вопросах кредитования и субсидирования агропромышленного сектора" за счет средств в сумме 3 276 811 000 (три миллиарда двести семьдесят шесть миллионов восемьсот одиннадцать тысяч) тенге, предусмотренных в республиканском бюджете на 2003 год, закрытое акционерное общество "КазАгроФинанс". <*>

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 декабря 2003 г. N 1280 .

      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, Министерству финансов Республики Казахстан, закрытому акционерному обществу "КазАгроФинанс" (по согласованию) принять соответствующие меры для реализации настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан