Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Сингапур Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Сингапур Республикасында Қазақстан
Республикасының Дипломатиялық
миссиясын ашу туралы
Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, түрлі салаларда қазақстан-сингапур ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. Сингапур Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы кеңесші-уәкіліне айына 3 500 (үш мың бес жүз) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы лауазымдық жалақы белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Дипломатиялық миссиясының штат кестесін және шығыстар сметасын айқындасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті