"Сингапур Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 шілдедегі N 697 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Сингапур Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Сингапур Республикасында Қазақстан
Республикасының Дипломатиялық
миссиясын ашу туралы

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, түрлі салаларда қазақстан-сингапур ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
      1. Сингапур Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы кеңесші-уәкіліне айына 3 500 (үш мың бес жүз) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы лауазымдық жалақы белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Дипломатиялық миссиясының штат кестесін және шығыстар сметасын айқындасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады