"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының 24-1-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңымен бекiтiлген 035 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу мен оларға сараптама жүргiзу" республикалық бюджеттiк бағдарламасын қаржыландыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 17 шiлдедегі
N 711 қаулысымен
бекітілген
"2003 жылға арналған республикалық бюджет
туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
12 желтоқсандағы Заңымен бекiтілген 035
"Республикалық инвестициялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемелерiн әзiрлеу
мен оларға сараптама жүргiзу республикалық
бюджеттiк бағдарламасын қаржыландыру ережесi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының 24-1-бабының 6-тармағы негiзiнде әзiрлендi және республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу мен оларға сараптама жүргiзуге бағытталған республикалық бюджеттiк бағдарламаны (бұдан әрi - бюджеттiк бағдарлама) қаржыландыру тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) орталық уәкiлеттi орган - экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган;
2) атқарушы агенттiк - республикалық инвестициялық жобаларды әзiрлеуге және iске асыруға жауапты мемлекеттiк орган, сондай-ақ жергiлiктi инвестициялық жобаларды әзiрлеуге және iске асыруға жауапты жергiлiктi атқарушы орган;
3) техникалық-экономикалық негiздеме - инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын жан-жақты зерттеу нәтижелерi бойынша және инвестициялық жобаны экономикалық талдау негiзiнде әзiрлеушiлердiң дайындаған есебi; техникалық-экономикалық негiздеме инвестициялық жобаның неғұрлым оңтайлы құрылымы бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ инвестициялық жобаны iске асыру шеңберiнде көзделетiн неғұрлым орынды маркетингтiк, техникалық, қаржылық, институционалдық, экологиялық, әлеуметтiк және басқа да шешiмдер бойынша ұсыныстарды қамтиды; орталық уәкілеттi орган республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекiтедi.
3. Бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын техникалық-экономикалық негiздемелер әзiрлеудi және оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру, сондай-ақ сыртқы үкiметтiк заемдар қаражаты есебiнен iске асыру жоспарланатын республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi және оларға сараптама жүргiзудi бiрге қаржыландыру көзделетiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) негiзiнде республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оларға сараптама жүргiзу қаржыландырылады.
2-тарау. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру тәртiбi
4. Орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламада көзделген ақшаны атқарушы агенттiктер бойынша бөлу жөнiнде республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсыныстар енгiзедi.
5. Республикалық бюджет комиссиясының шешiмi негiзiнде орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне жобалар бойынша қаржыландыру көлемi көрсетiлген тiзбенi енгiзедi.
6. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекітілген тiзбеге сәйкес белгiленген тәртiппен мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзуге өтiнiм қалыптастырады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жоспарлы тағайындауларды көрсетілген бағдарламадан атқарушы агенттiктердiң тиiстi бюджеттiк бағдарламаларына ауыстыру арқылы мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына белгiленген тәртiппен өзгерiстер енгiзедi.
7. Атқарушы агенттiктер техникалық-экономикалық негiздемелер әзiрлеу мен оларға сараптама жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi iс-шараларды iске асыруды және тiзбеге сәйкес тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде көрсетілген iс-шаралардың iске асырылуын қаржыландыруды жүзеге асырады.
8. Атқарушы агенттiктер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есептi тоқсан сайын тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде және жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 ақпанына кейiнгi мерзiмде орталық уәкілеттi органға ұсынуы тиiс.