"Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Агроөнеркәсiп кешенiне кредит берудiң және оны субсидиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына сәйкес 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 735 000 000 (жетi жүз отыз бес миллион) теңге сомасындағы қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру үшiн қарыз берушi банк ретiнде "Аграрлық кредит корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы белгiленсiн.<*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.19. N 1278 қаулысымен .
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "Аграрлық кредит корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) осы қаулыны iске асыру үшiн тиiстi шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі