"Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсімдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегі N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Агроөнеркәсiп кешенiне кредит берудiң және оны субсидиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына сәйкес 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 711 600 000 (жетi жүз он бiр миллион алты жүз мың) теңге сомасындағы қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өндiрiсiне ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы кредит беру үшiн "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамы қарыз берушi банк болып белгiленсiн.
2. "2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылатын ауылдық кредит серiктестiктері жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн кредит беру үшiн қарыз беруші банкті белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 23 шiлдедегi N 730 қаулысына мынадай толықтыру енгізiлсiн:
1-тармақтағы "бюджетте көзделген" деген сөздерден кейін "735 000 000 (жетi жүз отыз бес миллион) теңге сомасындағы" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлiк қоғамы (келісім бойынша) осы қаулыны іске acыру үшiн тиістi шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі