"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 20-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған 035 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оның сараптамасы" республикалық бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 11 тамыздағы
N 796 қаулысымен
бекiтiлген
035 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және
оның сараптамасы" республикалық бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесi
Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.21. N 1068 қаулысымен .
Ескерту. Тізбе 20-1-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.26. N 1328 қаулысымен .
__________________________________________________________________
Р/с| Жоба атауы |Техникалық-
N | |экономикалық
| |негiздемелердi
| |әзiрлеу мен
| |олардың
| |мемлекеттiк
| |сараптамасын
| |жүргiзудi
| |қаржыландырудың
| |көлемi
| |(млн. теңге)
__________________________________________________________________
1 | 2 | 3
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
1 Сақтау базаларын салу 1,59
2 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi iшкi әскерлерiнiң ведомстволық
байланыс желiсi 0,60
3 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi iшкi әскерлерiнiң тау дайындығы
бойынша оқу орталығын салу 0,80
4 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi iшкi әскерлерiнiң Петропавл
жоғары әскери училищесiнде оқу-материалдық
базасын құру және дамыту 1,25
__________________________________________________________________
Қазақстан Pecпубликасының Денсаулық сақтау министрлiгi
5 Астана қаласында жедел жәрдем станциясы бар
240 төсекке арналған жедел медициналық көмек
ҒЗИ салу 73,00
6 Астана қаласында бiр ауысымда 250 адам
қабылдайтын әйелдер консультациясы бар 350
төсекке арналған перинатальдық орталық салу 16,20
7 Алматы қаласында 125 төсекке арналған
"Балбұлақ" республикалық балаларды сауықтыру
орталығының ұйықтайтын кoрпусын салу 1,70
8 "Бұрабай" республикалық балалар-жасөспiрiмдердiң
туберкулездік санаторийi жанындағы шағын
комплектiлi мектептi салу 1,40
9 Алматы қаласында Педиатрия мен балалар
хирургиясы ғылыми орталығының жанында 150
төсекке арналған емдеу корпусын салу 23,00
9-1 Ауылдық денсаулық сақтау саласында ұтқыр және
телемедицинаны дамыту 28,00 <*>
9-2 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру 12,00 <*>
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
және қоғамдық келiсiм министрлiгi
10 Алматы облысының Есiк ауданында Есiк
археологиялық қорығын ұйымдастыру 0,75
11 Шығыс Қазақстан облысының Қатон Қарағай
ауданындағы Берел археологиялық қорығын
ұйымдастыру 0,75
12 Ақмола облысының Бурабай кентiнде "Абылай
хан ставкасы" этномәдени кешенiн салу 6,98
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi
13 Астана қаласында Болашақ мектебiн салу 12,00
14 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының ғимараттары кешенiн қайта
жаңарту 4,05
15 Ж.Елебеков атындағы республикалық
эстрадалық-цирк колледжiнiң объектiлерiн
салу және қайта жаңарту 3,74
16 Астана қаласында 250 орынға арналған Қазақ
ұлттық академиясының жатақханасын салу 1,91
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
17 Ақтөбе облысының шекарасы - Қызылорда -
Шымкент учаскесiнде Самара - Шымкент
автожолын қайта жаңарту 8,30
18 Георгиевка - Тараз - Шымкент - Өзбекстан
шекарасы автожолын қайта жаңарту 7,00
19 Алматы - Өскемен автожолын қайта жаңарту 12,00
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі
20 Павлодар қаласында сотталғандар, бас
бостандығынан өмiр бойы айыруға жазаланғандар
үшiн ерекше режимдегi колонияны құру 5,00
20-1 Астана қаласының жаңа iскерлiк орталығында
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
ғимаратын салу 13,36 <*>
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi
21 Шекара маңындағы кеден бекеттерiн, бiрыңғай
бақылау-өткiзу пункттерiн, кеден инфрақұрылымы
объектiлерiн дамыту және салу 17,00
22 Темiр жол өткiзу пункттерiнде бiрыңғай
бақылау-өткiзу пункттерiн салу 34,00
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгi <*>
23 Щучинск қаласындағы республикалық шаңғы спорт базасы 7,43