Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 тамыздағы N 796 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 қазандағы N 1068 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 тамыздағы N 796 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 035 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оның сараптамасы республикалық бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың" тiзбесi:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 9-1 және 9-2-жолдармен толықтырылсын:
      "9-1  Ауылдық денсаулық сақтау саласында ұтқыр және
            телемедицинаны дамыту                           28,00
       9-2  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
            бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру                12,00";
            мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi       23-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi
      23 Щучинск қаласындағы республикалық шаңғы спорт базасы  7,43".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады