Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 тамыздағы N 796 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 035 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оның сараптамасы" республикалық бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-1-жолмен толықтырылсын:
"20-1 Астана қаласының жаңа iскерлiк орталығында
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
ғимаратын салу 13,36".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі