"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай ауданының 115 гектар жерiн Қостанай қаласының әкiмшiлiк шекарасына, Қостанай қаласы аумағының жалпы алаңы 53023 гектар бiр бөлiгiн Қостанай ауданының әкiмшiлiк шекарасына қоса отырып, Қостанай облысының Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі