Қостанай облысы Қостанай қаласының және Қостанай ауданының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі N 897 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай ауданының 115 гектар жерiн Қостанай қаласының әкiмшiлiк шекарасына, Қостанай қаласы аумағының жалпы алаңы 53023 гектар бiр бөлiгiн Қостанай ауданының әкiмшiлiк шекарасына қоса отырып, Қостанай облысының Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады