Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығын қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2) Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаты үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетiн кодтардың тiзбесi бекiтілсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу үшін қажетті аэрофототүсiрiм, топографиялық материалдары бар орталық атқарушы органдар оларды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға көшiрме түрiнде және ақысыз ұсынатын болсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 20 қыркүйектегi
N 958 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесi
Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 20 қыркүйектегі
N 958 қаулысымен
бекiтілген
Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыpу мақсаты үшiн облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың
ТIЗБЕСI
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06
N 511 , 2007.10.28 N 1000 , 2008.09.03 N 818 , 2008.09.18 N 855; 13.09.2014 № 980 қаулыларымен.
________________________________________________________________
Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк Коды
________________________________________________________________
1 2
________________________________________________________________
Ақмола облысы - 01
Ақкөл 001
Астрахан 002
Атбасар 003
Сандықтау 004
Аршалы 005
Ерейментау 006
Егiндiкөл 007
Қорғалжын 008
Бұланды 009
Целиноград 011
Шортанды 012
Ақкөл қаласы 014
Атбасар қаласы 015
Ерейментау қаласы 016
Макинск қаласы 017
Степногор қаласы 018
Шаңтөбе кентi 019
Зеренді 160
Щучьe 171
Еңбекшілер 172
Заозерный кентi 173
Көкшетау қаласы 174
Степняк қаласы 176
Щучье қаласы 177
Жарқайың 275
Есiл 277
Жақсы 278
Державин қаласы 283
Есiл қаласы 284
Красногор кентi 285
Ақтөбе облысы - 02
Алға 022
Байғанин 023
Әйтеке би 024
Ырғыз 025
Мұғаджар 027
Қарғалы 028
Мәртeк 029
Темiр 031
Ойыл 032
Қобда 033
Хромтау 034
Шалқар 035
Ақтөбе қаласы 036
Алға қаласы 037
Қандыағаш қаласы 038
Темiр қаласы 039
Хромтау қаласы 040
Шалқар қаласы 041
Ембi қаласы 042
Алматы облысы - 03
Балқаш 043
Еңбекшiқазақ 044
Жамбыл 045
Iле 046
Қарасай 047
Райымбек 050
Талғар 051
Ұйғыр 052
Есiк қаласы 054
Қапшағай қаласы 055
Қасқелең қаласы 056
Талғар қаласы 057
Ақсу 254
Алакөл 255
Қаратал 259
Кербұлақ 260
Көксу 261
Панфилов 262
Сарқанд 263
Ескелдi 264
Жаркент қаласы 266
Сарқант қаласы 267
Tалдықорған қаласы 268
Текелi қаласы 269
Үштөбе қаласы 270
Yшарал қаласы 271
Атырау облысы - 04
Жылыой 059
Индер 060
Исатай 061
Қызылқоға 062
Құрманғазы 063
Мақат 064
Махамбет 065
Атырау қаласы 066
Шығыс Қазақстан облысы - 05
Глубокий 068
Зайсан 069
Зырян 070
Қатон-Қарағай 071
Күршiм 072
Тарбағатай 078
Ұлан 079
Шемонаиха 080
Зайсан қаласы 081
Зырян қаласы 082
Риддер қаласы 083
Серебрянск қаласы 084
Өскемен қаласы 085
Шемонаиха қаласы 086
Абай 236
Аягөз 239
Бесқарағай 240
Бородулиха 241
Жарма 243
Көкпектi 244
Үржар 248
Аягөз қаласы 251
Семей қаласы 252
Шар қаласы 253
Жамбыл облысы - 06
Байзақ 087
Жамбыл 088
Жуалы 089
Қордай 090
Т.Рысқұлов атындағы 091
Мерке 092
Мойынқұм 093
Сарысу 094
Талас 095
Шу 096
Тараз қаласы 097
Жаңатас қаласы 098
Қаратау қаласы 099
Шу қаласы 100
Батыс Қазақстан облысы - 08
Бөрiлi 114
Жаңақала 115
Жәнiбек 116
Зеленов 118
Казталовка 119
Қаратөбе 120
Сырым 122
Тасқала 124
Теректi 125
Бөкейорда 126
Ақжайық 127
Шыңғырлау 128
Ақсай қаласы 129
Орал қаласы 130
Чапаев қаласы 131
Қарағанды облысы - 09
Ақтоғай 102
Жаңаарқа 104
Ұлытау 106
Шет 107
Балқаш қаласы 108
Жезқазған қаласы 109
Қаражал қаласы 110
Приозерск қаласы 111
Сәтпаев қаласы 112
Қарқаралы 133
Абай 134
Нұра 136
Осакаровка 137
Бұхар-Жырау 140
Абай қаласы 141
Қарағанды қаласы 142
Қарқаралы қаласы 143
Саран қаласы 144
Темiртау қаласы 145
Шахтинск қаласы 146
Қызылорда облысы - 10
Арал 147
Жалағаш 148
Жаңақорған 149
Қазалы 150
Қармақшы 151
Сырдария 153
Шиелi 154
Қазалы қаласы 155
Қызылорда қаласы 156
Қостанай облысы - 12
Алтынсарин 178
Жiтiқара 179
Қамысты 180
Қарасу 181
Қарабалық 182
Қостанай 183
Ұзынкөл 184
Меңдiқара 185
Наурызым 186
Денисов 187
Әулиекөл 188
Таран 189
Сарыкөл 190
Феодоров 191
Жiтiқара қаласы 192
Қостанай қаласы 193
Лисаковск қаласы 194
Рудный қаласы 195
Амангелдi 272
Жангелдi 276
Арқалық қаласы 282
Маңғыстау облысы - 13
Бейнеу 196
Қарақия 197
Маңғыстау 198
Түпқараған 199
Ақтау қаласы 200
Жаңаөзен қаласы 201
Форт-Шевченко қаласы 202
Мұнайлы 203
Павлодар облысы - 14
Ақтоғай 204
Баянауыл 205
Железинка 206
Ертiс 207
Қашыр 208
Лебяжi 209
Май 210
Павлодар 211
Успен 212
Шарбақты 213
Ақсу қаласы 215
Ертiс селосы 216
Курчатов қаласы 217
Павлодар қаласы 218
Екiбастұз қаласы 219
Солтүстiк Қазақстан облысы - 15
Айыртау 157
Уәлиханов 162
Тайынша 164
Ғ.Мүсiрепов атындағы 165
Ақжар 167
Қызылжар 220
Мағжан Жұмабаев атындағы 221
Жамбыл 223
Есiл 224
Мамлют 225
Шал ақын 228
Аққайың 229
Тимирязев 231
Булаево қаласы 232
Мамлютка қаласы 233
Петропавл қаласы 234
Сергеев қаласы 235
Тайынша қаласы 175
Оңтүстік Қазақстан облысы - 19
Бәйдібек 286
Арыс 287
Мақтаарал 288
Қазығұрт 289
Ордабасы 293
Отырар 294
Сайрам 295
Сарыағаш 296
Созақ 297
Төлеби 298
Түлкібac 300
Шардара 301
Арыс қаласы 302
Жетiсай қаласы 303
Кентау қаласы 304
Леңгiр қаласы 305
Сарыағаш қаласы 306
Түркiстан қаласы 307
Шардара қаласы 308
Шымкент қаласы 309
Алматы қаласы - 20
Алмалы 311
Әуезов 312
Бостандық 313
Жетiсу 314
Медеу 315
Түрксiб 317
Алатау 321
Наурызбай 322
Астана қаласы - 21
Алматы 318
Сарыарқа 319
Есіл 320
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 20 қыркүйектегі
N 958 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 26, 223-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 892 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 32, 287-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 маусымдағы N 800 қаулысының 1 тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 269-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 мамырдағы N 574 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 15, 159-құжат).