Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектi өтеуге арналған қаражатты жұмсау және оларды республикалық және жергiлiктi бюджеттерге есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 23 сәуiрдегi N 386
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 181-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектi өтеуге арналған қаражатты жұмсау және оларды республикалық және жергiлiктi бюджеттерге есептеу ережесiнде:
1-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі үшін Астана қаласында 240 төсектiк аурухана кешенінің құрылысына Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы бойынша;
1-2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi үшін Астана қаласында 240 төceктік аурухана кешенiнiң құрылысына Ресей Федерациясының аумағынан шығатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша;";
мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде 3) тармақшадағы "төлемдерi бойынша" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен және 4) тармақшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi үшiн Астана қаласында 240 төсектiк аурухана кешенiнiң құрылысы бойынша;
4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi үшiн Астана қаласында 240 төсектiк аурухана кешенi құрылысына кедендiк бақылау мен кедендiк рәсiмдердi жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер бойынша".
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі