Салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдер бөйынша берешекті өтеуге арналған қаражатты жұмсау және оларды республикалық және жергілiктi бюджеттерге есептеу ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 386 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабына  сәйкес салық және бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектi өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешектi өтеуге арналған қаражатты жұмсау және оларды республикалық және жергiлiктi бюджеттерге есептеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2003 жылғы 23 сәуiрдегi        
N 386 қаулысымен          
бекітілген          

Салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектi өтеуге арналған қаражатты жұмсау және оларды республикалық және жергілiктi бюджеттерге есептеу ережесi

1-бөлiм. Жалпы ережелер

      1. Осы Салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдер жөніндегi берешектi өтеуге арналған қаражатты жұмсау және оларды республикалық және жергілiктi бюджеттерге есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже):
      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi үшін әскери техниканы бергенi үшiн Ресей Федерациясының аумағынан шығатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша;
      1-1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі үшін Астана қаласында 240 төсектiк аурухана кешенінің құрылысына Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы бойынша; <*>
      1-2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi үшін Астана қаласында 240 төceктік аурухана кешенiнiң құрылысына Ресей Федерациясының аумағынан шығатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша; <*>
      2) элиталық тұқым шаруашылығымен және асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын аттестатталған шаруашылықтарға (бұдан әрi - аттестатталған шаруашылықтар) республикалық және жергілiктi бюджеттерге түсетін салықтар бойынша;
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн салықтары бойынша;
      3) мыналарды:
      - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi үшiн әскери техниканы бергенi үшін;
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитетi үшiн арнайы жабдық бергенi үшін;
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әкiмшiлiк ғимаратының құрылысы бойынша әкелiнетiн тауарларға кеден баждары мен төлемдерi бойынша;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi үшiн Астана қаласында 240 төсектiк аурухана кешенiнiң құрылысы бойынша;
      4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi үшiн Астана қаласында 240 төсектiк аурухана кешенi құрылысына кедендiк бақылау мен кедендiк рәсiмдердi жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер бойынша қалыптасқан салықтар мен төлемдер бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттерге берешектi өтеуге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсау тәртiбiн анықтайды. <*>
      Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.07. N 1103 қаулысымен .

      2. Салық төлеушiнiң дербес шоты бойынша көрсетiлген және салықтар мен бюджетке төленетiн міндеттi төлемдер, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндеттi зейнетақы жарналары бойынша салық төлеушiнiң есеп айырысуларының ахуалы туралы анықтамамен (бұдан әрi - анықтама) салық және кеден органдары растайтын негiзгі борышты, өсiмақыларды және айыппұлдарды қоса алғанда, республикалық және жергілікті бюджеттерге төленетiн салықтар мен төлемдер бойынша берешектi (бұдан әрi - салықтар мен төлемдер бойынша берешек) өтеу 2003 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген сома шегінде жүргiзiледi.

2-бөлiм. Салықтар мен төлемдер бойынша мемлекеттiк мекемелердiң берешегiн өтеудi жүргiзу және республикалық
және жергiлiкті бюджеттерге есептеу тәртібi

      3. Салық немесе кеден органдары анықтамамен растаған күнi мемлекеттiк мекемелердiң салықтар мен төлемдер бойынша берешегiн өтеу 2003 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген сома шегiнде жүзеге асырылады.

      4. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық және жергiліктi бюджеттерге салықтар мен төлемдер бойынша берешектi өтеуге олар үшiн қаражат көзделетiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер оларға белгiленген тәртiппен ресімделген және расталған салықтар мен төлемдер бойынша берешектi өтеу жөнiндегi анықтамаларды, салыстыру актілерiн (бұдан әрi - салыстыру актiлерi) ұсынады.

      5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің алынған анықтамалары мен салыстыру актiлерiнiң негізiнде 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтар мен төлемдер бойынша берешектi өтеу жөнiндегi есеп айырысуларға қатысатын мемлекеттiк мекемелердің тiзiлiмiн (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелердiң тiзiлiмi) жасайды және оны тиiсiнше Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетiне (бұдан әрi - Салық комитетi) немесе Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігіне (бұдан әрi - Кедендік бақылау агенттігі) ұсынады.

      6. Аумақтық салық органдары 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтар мен төлемдер бойынша берешегі бар мемлекеттік мекемелер жасаған облыстар, Астана және Алматы қалалары, "Астана Жаңа қала" АЭА бойынша салыстыру актілерiнiң бекiтілген тiзілiмiн Салық комитетiне ұсынады.
      Кеден органдары 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтар мен төлемдер бойынша берешегі бар мемлекеттiк мекемелермен жасалған салыстыру актілерінiң бекiтілген тiзiлiмдерiн жасайды және Кедендiк бақылау агенттiгіне ұсынады.

      7. Салық комитетi немесе Кедендік бақылау агенттiгі аумақтық салық, кеден органдарынан алынған салыстыру актiлерi тiзiлімдерiнің негiзінде бюджеттер және өңірлер бөлінісіндегi берешектің сомасын, салықтар мен төлемдер түрлерiн ескере отырып, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республика бойынша салықтар мен төлемдер бойынша берешекті өтеу жөнiндегі жиынтық салыстыру актілерiн (бұдан әрi - жиынтық салыстыру актiлерi) жасайды.
      Жиынтық салыстыру актілерiне бiр тараптан Салық комитетiнің немесе Кедендiк бақылау агенттiгiнің басшылары және екiншi тараптан республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi қол қояды. Белгіленген тәртіппен басшылардың және есепке алу жөнiндегі жауапты тұлғалардың қолдарымен және елтаңбалық мөр бедерiмен расталған Салық комитетiнің немесе Кедендiк бақылау агенттігiнің жиынтық салыстыру актілерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетiне (бұдан әрi - Қазынашылық комитетi) ұсынылады. Оларға мемлекеттiк мекемелердің тiзiлімдерi қоса берiледi.

      8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілеріне және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерiне төлемдер бойынша мiндеттемелердi қабылдауға рұқсаттар беру заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      9. Қазынашылық комитетi қазынашылықтың тиiстi органдарына жиынтық салыстыру актiлерiн және мемлекеттік мекемелердiң тiзiлімдерiн жеткiзедi.

      10. Салықтар мен төлемдер бойынша берешектi өтеудi жүргiзу үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерге төленетiн салықтар мен төлемдер бойынша берешегi бар мемлекеттiк мекемелер тиiстi қазынашылық органдарына тиiстi бюджетке салықтар мен төлемдер бойынша төлем тапсырмасын немесе берешек сомасына ақы төлеуге шоттарды ұсынады.
      Әртүрлi деңгейдегі бюджеттер алдында салықтар мен төлемдер бойынша берешек болған кезде тиiсiнше бюджеттiң әрбiр деңгейi үшiн жиынтық салыстыру актiлерiнде көрсетiлген сомаға төлем құжаттары берiледi.

3-бөлiм. Аттестатталған шаруашылықтардың бюджетке төленетiн салықтар бойынша мерзiмi ұзартылған берешегiн өтеуге арналған республикалық бюджеттің қаражатын жұмсау тәртiбi және оларды республикалық және жергiлiктi бюджеттерге eceптеу

      11. Аттестатталған шаруашылықтардың бюджетке төленетін салықтар бойынша берешектi өтеуi аттестатталған шаруашылықтарда 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген мерзiмi өткен берешек бойынша жүзеге асырылады.

      12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрі - Ауыл шаруашылығы министрлiгi) аттестатталған шаруашылықтардың тiзбесiн бекiтедi.
      Аттестатталған шаруашылықтардың бекiтiлген тiзбесi Салық комитетiне берiледi.

      13. Аттестатталған шаруашылықтар және тиiстi салық органдары бюджеттер, салық түрлерi мен анықтама бөлінісінде 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген берешектің салыстыру актiлерiн жасайды.
      Облыстар, Астана және Алматы қалалары, "Астана Жаңа қала" АЭА бойынша салық органдары 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталған шаруашылықтармен салыстыру актiлерiнiң тiзiлімдерiн бекітеді және оларды Салық комитетіне ұсынады.

      14. Салық комитетi Ауыл шаруашылығы министрлiгімен бiрлесiп, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың орналасқан орнын көрсетіп, бюджеттер бөлiнiсіндегi және аттестатталған шаруашылықтар бөлінiсiндегі берешектiң сомасын көрсете отырып, үш данада жиынтық салыстыру актісiн жасайды және оған қол қояды. Ауыл шаруашылығы министрлiгi жиынтық салыстыру актiсiнiң бiр данасын Қазынашылық комитетiне бередi.

      15. Қазынашылық комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен Ауыл шаруашылығы министрлiгiне төлемдер бойынша мiндеттемелердi қабылдауға рұқсат бередi.

      16. Қазынашылық комитетi электрондық почта арналары бойынша аумағында аттестатталған шаруашылықтар орналасқан аумақтық қазынашылық органдарына жиынтық салыстыру актiсiн жiбередi.

      17. Аттестатталған шаруашылықтарға салықтар бойынша берешектi өтеу үшiн аумақтық қазынашылық органдарында тегiн негiзде, бюджеттер алдындағы берешектi өтеу жөнiндегі төлемдердi жүргiзу кезеңiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен ағымдағы шоттар ашылады.

      18. Аумақтық қазынашылық органдары ағымдағы шоттар ашылғаннан кейiнгi операциялық күннен кешіктірмей тиiстi салық органын, Астана қаласының Қазынашылық басқармасын және Ауыл шаруашылығы министрлiгiн ағымдағы шоттардың ашылуы туралы хабардар етедi.

      19. Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлама алғаннан кейiн жиынтық салыстыру актiсiнiң негiзiнде салықтар бойынша берешектi өтеуге шаруашылықтарды субсидиялауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты аудару үшін ақы төлеуге шоттарды ресiмдейдi. Әрбір төлемге ақы төлеуге жеке шот ресімделедi.

      20. Жиынтық салыстыру актісi Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Астана қаласының Қазынашылық басқармасы үшiн республикалық бюджеттен қаражат аударуы үшiн негіздеме болып табылады.

      21. Салық органдары мерзiмінде орындалмаған салықтық міндеттемелерді атқару мақсатында инкассалық өкімдердің негiзiнде аттестатталған шаруашылықтардың ағымдағы шоттарынан тиiстi бюджетке салықтар бойынша берешек сомасын өндiріп алуды жүзеге асырады.

      22. Аумақтық қазынашылық органдары салық органдарының инкассалық өкiмдерiн көрсетiлген өкiм алған күннен кейiнгi операциялық күннен кешіктiрмей орындайды.

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша
берешекті өтеуге арналған қаражатты жұмсау және оларды
республикалық және жергілікті бюджеттерге есептеу ережесіне
1-қосымша          

      Бекітемін           
2003 жылғы "___"________________      
_________________________
(республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
бірінші басшысы) (олар уәкілеттік берген тұлға)

_________________________________________________________
(республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)

Бюджетке берешекті өтеу жөніндегі есеп айырысуларға қатысатын мемлекеттік мекемелердің
Тізілімі

                                                           теңге
-------------------------------------------------------------------
Р/с !  Мемлекеттік  !Берешек  !        Берешек сомасы
 N  !  мекемелер    !пайда    !
    !---------------!болған   !-----------------------------------
    !атауы   !коды  !кірістер.!Бар. !      оның ішінде
    !        !      !дің      !лығы !-----------------------------
    !        !      !БСК      !     !респ.     !  жергілікті
    !        !      !         !     !          !------------------
----------------------------------------------------!-------!-----
  1 !     2    !  3 !    4    !  5  !     6    !  7 !   8   !  9
-------------------------------------------------------------------
    !          !    ! Жиыны   !     !          !    !       !
-------------------------------------------------------------------

      Сомасы жазумен: жиыны __________ теңге, оның ішінде республикалық бюджетке ___________ теңге, _____________________ бюджетке_____________ теңге, ___________ бюджетке __________ теңге.

      Тиісті құрылымдық
      бөлімшенің басшысы    ___________   _________________
                              (қолы)          (аты-жөні)

      М.О.

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша
берешекті өтеуге арналған қаражатты жұмсау және оларды
республикалық және жергілікті бюджеттерге есептеу ережесіне
2-қосымша          

      Бекітемін           
2003 жылғы "___"________________      
_______________________________________
(аумақтық салық (кеден) органының басшысы)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
(Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі)

Салық (кеден) органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешекті өтеу жөніндегі есеп айырысуларға қатысатын мемлекеттік мекемелермен (аттестатталған шаруашылықтармен) тексеру актілерінің
Тізілімі

__________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың атауы)

                                                           теңге
-------------------------------------------------------------------
Р/с!  Жасалған және қол қойылған салыстыру актісі
N  !---------------------------------------------------------------
   !Салық (кеден)! меммекеменің атауы  !  меммекеменің   !салыстыру
   !  органының  !мен коды (аттестат.  ! (аттестатталған !актісіне
   !   атауы     !талған шаруашылықтың !  шаруашылықтың  !қол қой.
   !             !атауы мен СТН-і      ! орналасқан орны)!ылған
   !             !                     !                 !күн
-------------------------------------------------------------------
 1 !      2      !          3          !        4        !    5
-------------------------------------------------------------------

таблицаның жалғасы

--------------------------------------------
Берешек     !  Берешек сомасы
пайда болған!-------------------------------
кірістердің !бар. !респ.   !   жергілікті
БСК         !лығы !        !----------------
            !     !        !    !     !
--------------------------------------------
      6     !  7  !    8   !  9 ! 10  ! 11
--------------------------------------------
 Жиыны      !     !        !    !     !
--------------------------------------------    

      Сомасы жазумен: жиыны _________________ теңге, оның ішінде республикалық бюджетке _____________ теңге, ___________ бюджетке ______________ теңге, ___________ бюджетке _______________ теңге.

      Тиісті құрылымдық
      бөлімшенің басшысы   __________   ________________
                            (қолы)         (аты-жөні)
               М.О.

  Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша
берешекті өтеуге арналған қаражатты жұмсау және оларды
республикалық және жергілікті бюджеттерге есептеу ережесіне
3-қосымша          

200__жылғы "__"______ жағдай бойынша салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешекті өтеу жөніндегі ___________________________________________ Салық
(республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)     комитетінің (Кедендік бақылау агенттігінің)
Жиынтық салыстыру актісі

                                                       (мың. теңге)
-------------------------------------------------------------------
Бюджет     !Салықтың !Салық төлеушінің атауы !Салық комитетінің,
кірістері  !(төлем.  !(мемлекеттік мекемелер !Кедендік бақылау
жіктемесі. !  нің)   !немесе аттестатталған  !агенттігінің дерек.
нің коды   ! атауы   !шаруашылықтар) СТН-і,  !тері бойынша
           !         !орналасқан орны        !---------------------
           !         !                       !респ. !жергі.!барлығы
           !         !                       !      !лікті !
-------------------------------------------------------------------
     1     !    2    !           3           !    4 !  5   ! 6
-------------------------------------------------------------------
           !         !                       !Жиыны:!Жиыны:!Жиыны:
-------------------------------------------------------------------

      Таблицаның жалғасы

------------------------------------------------
Республикалық бюджеттік !Өтеуге ұйғарылатын сома !
бағдарламалар әкімшісі. !                        !
нің деректері бойынша   !                        !
------------------------------------------------ !
респ.!жергілікті!барлығы!респ.!жергілікті!барлығы!
------------------------------------------------ !
   7 !   8      !   9   !   10   !  11   !  12   !
------------------------------------------------ !
Жиыны:!Жиыны:   !Жиыны: !Жиыны:  !Жиыны: !Жиыны: !
------------------------------------------------ !

      Берешекті республикалық бюджеттен өтеуге ұйғарылатын соманың жиыны ______________________________мың. теңге

Салыстыру актісін жасау күні:       2003__жылғы "__"________

Салық комитетінің басшысы           Республикалық бюджеттік бағдар.
                                    ламалар әкімшісінің басшысы
________________________________    __________________________
      (аты-жөні қолы)                  (аты-жөні және қолы)

М.О.                                Тиісті құрылымдық бөлімшенің
                                    басшысы
                                    _____________________________
                                         (аты-жөні және қолы)

                                    М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады