Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын 2003-2004 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiнде электрмен жабдықтау туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 қарашадағы N 1123 қаулысы

      Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын 2003-2004 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiнде тұрақты электрмен жабдықтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергетикалық және экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын 2002-2003 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiнде электрмен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1298 қаулысы 1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.

      2. Жамбыл мемлекеттiк аудандық электр станциясына (бұдан - әрi - ЖМАЭС) 2003-2004 жылдардағы күзгi-қысқы кезеңiнде электр энергиясын өндiрудi бәсекеге қабілеттi баға бойынша қамтамасыз ету үшiн "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ҚазТрансГаз" ЖАҚ) отын жеткiзу жөнiндегi оператор болып тағайындалсын.

      3. "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы ЖМАЭС-тың күзгi-қысқы кезеңдегi iске қосылуы мен тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды қаржыландыру үшiн 2003 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнген 96062076 (тоқсан алты миллион алпыс екi мың жетпiс алты) теңге сомасындағы қаражаттың қалдығын "КазТрансГаз" ЖАҚ-тың есеп айырысу шотына аударсын.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.Мыңбавқа жүктелсiн.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Об электроснабжении потребителей Южного Казахстана в осенне-зимний период 2003-2004 годов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 ноября 2003 года N 1123

      В целях стабильного электроснабжения потребителей Южного Казахстана в осенне-зимний период 2003-2004 годов, а также обеспечения энергетической и экономической безопасности Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Признать утратившим силу пункт 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года N 1298 "Об электроснабжении потребителей Южного Казахстана в осенне-зимний период 2002-2003 годов".

      2. Назначить закрытое акционерное общество "КазТрансГаз" (далее - ЗАО "КазТрансГаз") оператором по поставкам топлива для Жамбылской государственной районной электрической станции (далее - ЖГРЭС) в осенне-зимний период 2003-2004 годов для обеспечения производства электрической энергии по конкурентоспособной цене.

      3. Открытому акционерному обществу "Казахстанская компания по управлению электрическими сетями "KEGOC" перечислить на расчетный счет ЗАО "КазТрансГаз" остаток средств в сумме 96062076 (девяносто шесть миллионов шестьдесят две тысячи семьдесят шесть) тенге, выделенных из республиканского бюджета в 2003 году для финансирования расходов, связанных с обеспечением запуска и устойчивой работы ЖГРЭС в осенне-зимний период.

      4. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан С. Мынбаева.

      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан