Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын 2003-2004 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiнде тұрақты электрмен жабдықтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергетикалық және экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын 2002-2003 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiнде электрмен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1298 қаулысы 1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
2. Жамбыл мемлекеттiк аудандық электр станциясына (бұдан - әрi - ЖМАЭС) 2003-2004 жылдардағы күзгi-қысқы кезеңiнде электр энергиясын өндiрудi бәсекеге қабілеттi баға бойынша қамтамасыз ету үшiн "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ҚазТрансГаз" ЖАҚ) отын жеткiзу жөнiндегi оператор болып тағайындалсын.
3. "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы ЖМАЭС-тың күзгi-қысқы кезеңдегi iске қосылуы мен тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды қаржыландыру үшiн 2003 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнген 96062076 (тоқсан алты миллион алпыс екi мың жетпiс алты) теңге сомасындағы қаражаттың қалдығын "КазТрансГаз" ЖАҚ-тың есеп айырысу шотына аударсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.Мыңбавқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі