Маңызды стратегиялық мәнi бар тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1233 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес және маңызды стратегиялық мәнi бар "Орта Азия - Орталық" магистральды газ құбырын жаңғыртуды жүргiзу қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Маңғыстау облысында орналасқан "Орта Азия - Орталық" магистральды газ құбырының "Опорная" компрессор стансасында (бұдан әрi - "Опорная" КС "ОАО" МГҚ) жобалау, жабдықтарды сатып алу және құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша маңызды стратегиялық мәнi бар тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер берушi (бас мердiгер) болып MAN Ferrostaal Industrieiantagen GmbH (Германия) компаниясы белгiленсiн.

      2. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бiр көзден мемлекеттiк сатып алу тәсiлiмен "Опорная" КС "OAO" МГҚ-да жобалау, жабдықтарды сатып алу және құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша MAN Ferrostaal Industrieiantagen GmbH (Германия) компаниясымен шарт жасасу ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн-атқарушы

О государственных закупках товаров, работ и услуг, имеющих важное стратегическое значение

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2003 года N 1233

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 21 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" и в связи с необходимостью проведения модернизации магистрального газопровода "Средняя Азия-Центр", имеющего важное стратегическое значение, Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Определить компанию "MAN Ferrostaal Industrieiantagen GmbH" (Германия) поставщиком товаров, работ и услуг (генеральным подрядчиком) по проектированию, приобретению оборудования и строительно-монтажным работам на компрессорной станции "Опорная" магистрального газопровода "Средняя Азия-Центр" (далее - КС "Опорная" МГ "САЦ"), находящейся в Мангистауской области, закупка которых имеет важное стратегическое значение.

      2. Рекомендовать закрытому акционерному обществу "КазТрансГаз" заключить договор по проектированию, приобретению оборудования и строительно-монтажным работам на КС "Опорная" МГ "САЦ" с компанией MAN Ferrostaal Industrieiantagen GmbH (Германия) в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, способом государственных закупок из одного источника.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Исполняющий обязанности
      Премьер-Министра
      Республики Казахстан