"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес және маңызды стратегиялық мәнi бар "Орта Азия - Орталық" магистральды газ құбырын жаңғыртуды жүргiзу қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Маңғыстау облысында орналасқан "Орта Азия - Орталық" магистральды газ құбырының "Опорная" компрессор стансасында (бұдан әрi - "Опорная" КС "ОАО" МГҚ) жобалау, жабдықтарды сатып алу және құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша маңызды стратегиялық мәнi бар тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер берушi (бас мердiгер) болып MAN Ferrostaal Industrieiantagen GmbH (Германия) компаниясы белгiленсiн.
2. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бiр көзден мемлекеттiк сатып алу тәсiлiмен "Опорная" КС "OAO" МГҚ-да жобалау, жабдықтарды сатып алу және құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша MAN Ferrostaal Industrieiantagen GmbH (Германия) компаниясымен шарт жасасу ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн-атқарушы