"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес әрi материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шығарылған сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 9743771,61 теңге (тоғыз миллион жетi жүз қырық үш мың жетi жүз жетпiс бiр теңге алпыс бiр тиын) бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
N 1263 қаулысына қосымша
Азаматтық iстер бойынша орындалуға
тиiс сот шешiмдерінің тiзбесi
___________________________________________________________________
P/c| Сот органының | Талапкердің | Мемле. | Мемле.
N | атауы мен | Т.А.Ә. | кеттiк | кеттiк
| шешiмнің күнi | | бажды | баж
| | | шегер. | (теңге)
| | | ген. |
| | | дегi |
| | | сома |
| | | (теңге) |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5
___________________________________________________________________
1 Алматы қаласы Балкенова А.Н. - 6 216,61
Әуезов аудандық
сотының
2000 ж. 27.09. шешiмi.
Алматы қаласы
Әуезов аудандық сотының
2001 ж. 19.07. ұйғарымы
2 Қарағанды қаласы Ковалева Т.Н. 30 000 -
Қазыбек би ауданының
N 2 аудандық сотының
2003 ж. 22.05. шешiмi
3 Өскемен қалалық Гончаров B.H. 5 000 -
сотының
2001 ж. 15.05. қаулысы
4 Ақтөбе облысы "Бриг" ЖШС 788 103 -
Ақтөбе қаласы сотының
2001 ж. 02.09. шешiмi
5 Қызылорда қалалық Асқаров Р.Ш. 220 436 -
сотының
2003 ж. 25.02. шешiмi
6 Алматы қаласы Омарова А. 500 000 -
Бостандық аудандық Есенқұлов А.
сотының
1998 ж. 02.06. шешiмi
7 Орал қаласы сотының Пинега А.Н. 8 001 820 -
2002 ж. 27.12. шешiмi
8 Алматы облысы Қамбаров Р.Я. 192 196 -
Еңбекшiқазақ ауданының
N 2 аудандық сотының
2001 ж. 14.11. шешiмi
Алматы облыстық сотының
азаматтық iстер
жөнiндегi алқасының
2002 ж. 16.01.
N 33-06-02 қаулысы
Алматы облысы
Еңбекшiқазақ ауданының
N 2 аудандық сотының
2003 ж. 08.08. ұйғарымы
Жиыны 9 737 555 6 216,61
Жалпы сомасы 9 743 771,61
___________________________________________________________________