"Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 0000045 мемлекеттiк кепiлдiгiн орындау жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған "Жеңiл өнеркәсiп" акционерлiк қоғамы" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы және "Мақсат" акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепілдiк берген қарыздар бойынша 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 081 "Мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде мерзiмiнен бұрын өтеу жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi