"Жеңiл өнеркәсiп" акционерлiк компаниясы" ашық үлгідегі акционерлiк қоғамы және "Мақсат" акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды мерзiмiнен бұрын өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1268 қаулысы

      "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 0000045 мемлекеттiк кепiлдiгiн орындау жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған "Жеңiл өнеркәсiп" акционерлiк қоғамы" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы және "Мақсат" акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепілдiк берген қарыздар бойынша 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 081 "Мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде мерзiмiнен бұрын өтеу жүзеге асырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады