"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 1270 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы
26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына өзгерiс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнің 230 және 231-баптарына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Pecпубликасы Президентiнiң "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. АЭА аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес еркiн кеден аймағының кедендік режимi қолданылатын Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының бiр бөлiгi болып табылады. АЭА шекарасы оның периметрi бойынша арнайы қоршаумен жабдықталады. АЭА периметрлерi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы болып табылады.
      АЭА аумағында еркiн кеден аймағының кедендiк режимiне мынадай тауарлардың тiзбесiн орналастыруы рұқсат етiледi:
      жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес АЭА аумағында объектiлердi салу және пайдалануға беру үшiн қажеттi машиналар, жабдықтар, тауарлар мен материалдар;
      тауарларды жеткілiктi қайта өңдеу өлшемдерiне сәйкес қайта өңдеуге арналған тауарлар (акцизделетін тауарларды қоспағанда);
      ұйымның технологиялық құжаттамасына сәйкес өнiмдер өндiрiсiн қамтамасыз етуге қажеттi машиналар мен тетiктер, жабдықтар, арнайы мақсаттағы автомобильдер, материалдар, тауарлар және шала өнiмдер.
      АЭА аумағына еркiн кеден аймағының кедендiк режимiне орналастырылған тауарлармен:
      тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша;
      тауарларды қайта өңдеу бойынша;
      осы ережеге сәйкес АЭА құру мақсатына қол жеткiзу үшiн қажеттi тауарлар мен жабдықтарды пайдалану және қолдану бойынша;
      тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау бойынша;
      құрылыс және өнеркәсiп өндірiсi технологиясының талаптарын орындау бойынша операциялар жасауға рұқсат етіледі.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года N 853"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года N 1270

      В соответствии с Таможенным кодексом Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года N 853".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект   

Указ Президента Республики Казахстан О внесении изменения в Указ Президента
Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года N 853

      В соответствии со статьями 230 и 231 Таможенного кодекса Республики Казахстан постановляю:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 26 апреля 2002 N 853 "О создании специальной экономической зоны "Морпорт Актау" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 10, ст. 94) следующее изменение:
      в Положении о специальной экономической зоне "Морпорт Актау", утвержденном вышеназванным Указом:
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. Территория СЭЗ является частью таможенной территории Республики Казахстан, на которой действует таможенный режим свободной таможенной зоны в соответствии с таможенным законодательством Республики Казахстан. Границы СЭЗ по ее периметру оборудуются специальным ограждением. Периметры СЭЗ являются таможенной границей Республики Казахстан.
      На территории СЭЗ под таможенный режим свободной таможенной зоны допускается помещение следующего перечня товаров:
      машины, оборудование, товары и материалы, необходимые для строительства и ввода объектов в эксплуатацию на территории СЭЗ в соответствии с проектно-сметной документацией;
      товары, предназначенные для переработки (за исключением подакцизных товаров) в соответствии с критериями достаточной переработки товаров;
      машины и механизмы, оборудование, автомобили специального назначения, материалы, товары и полуфабрикаты, необходимые для обеспечения производства продукции в соответствии с технологической документацией организации.
      На территории СЭЗ с товарами, помещенными под таможенный режим свободной таможенной зоны, допускается совершение операций:
      по обеспечению сохранности товаров;
      по переработке товаров;
      по эксплуатации и использованию товаров и оборудования, необходимых для достижения целей создания СЭЗ согласно настоящему положению;
      по подготовке товаров к продаже и транспортировке;
      по выполнению требований технологии строительного и промышленного производства.".
      2. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан