Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы
26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнің 230 және 231-баптарына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Pecпубликасы Президентiнiң "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. АЭА аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес еркiн кеден аймағының кедендік режимi қолданылатын Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының бiр бөлiгi болып табылады. АЭА шекарасы оның периметрi бойынша арнайы қоршаумен жабдықталады. АЭА периметрлерi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы болып табылады.
АЭА аумағында еркiн кеден аймағының кедендiк режимiне мынадай тауарлардың тiзбесiн орналастыруы рұқсат етiледi:
жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес АЭА аумағында объектiлердi салу және пайдалануға беру үшiн қажеттi машиналар, жабдықтар, тауарлар мен материалдар;
тауарларды жеткілiктi қайта өңдеу өлшемдерiне сәйкес қайта өңдеуге арналған тауарлар (акцизделетін тауарларды қоспағанда);
ұйымның технологиялық құжаттамасына сәйкес өнiмдер өндiрiсiн қамтамасыз етуге қажеттi машиналар мен тетiктер, жабдықтар, арнайы мақсаттағы автомобильдер, материалдар, тауарлар және шала өнiмдер.
АЭА аумағына еркiн кеден аймағының кедендiк режимiне орналастырылған тауарлармен:
тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша;
тауарларды қайта өңдеу бойынша;
осы ережеге сәйкес АЭА құру мақсатына қол жеткiзу үшiн қажеттi тауарлар мен жабдықтарды пайдалану және қолдану бойынша;
тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау бойынша;
құрылыс және өнеркәсiп өндірiсi технологиясының талаптарын орындау бойынша операциялар жасауға рұқсат етіледі.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi