"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379
қаулысына
:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
ІV "Шығындар" деген бөлiмде:
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топта:
212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
215 "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман шаруашылығы ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту" деген бағдарламада:
032 "Орманды орналастыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн материалдық-техникалық базаны дамыту" деген кiшi бағдарламадағы "4300" деген сандар "4034" деген сандармен ауыстырылсын;
033 "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың материалдық-техникалық базасын дамыту" деген кiшi бағдарламадағы "68154" деген сандар "68420" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
"Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топта:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
736 "Ауыз cу" салалық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағдарламада:
030 "Ауылдық елдi мекендердi ауыз сумен қамтамасыз ету объектiлерiн салу және қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламада:
"Қызылорда облысындағы Жиделi топтық су құбырын (1-кезегi) салу" деген жолдағы "салу" деген сөз "қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
031 "Сумен қамтамасыз ету жүйелерiн салу және қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламада:
"Ақтөбе облысы Шалқар қаласының су құбырлары құрылыстарын қайта жаңарту және жөндеу" деген жолдағы "cу құбырлары" деген сөздер "cу шаруашылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Кеңгiрбай ауылында су құбырын қайта жаңарту" деген жолдағы "Кеңгiрбай" деген сөзден кейiн "би" деген сөзбен толықтырылсын;
"Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылының кентiшiлiк бөлу желiсi 2-кезегiнiң құрылысы" деген жолдағы "ауылының кентiшiлiк бөлу желiсi 2-кезегiнiң құрылысы" деген сөздер "ауылын сумен қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қарағанды облысындағы Қ.Сәтпаев атындағы каналдың сорғыш станциясын күрделi жөндеу" деген жолдағы "күрделi жөндеу" деген сөздер "қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қызылорда облысының Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының құрылысы (3-кезегi)" деген жолдағы "335330" деген сандар "134517" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қызылорда облысының Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының құрылысы (3-кезегi)" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қызылорда облысының Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының және оған қосылу тармағының құрылысы (4-кезегi) 200813";
"Павлодар облысының Ертiс ауылында су құбыры желiлерiн қайта жаңарту" деген жолдағы "ауылында су құбыры желiлерiн қайта жаңарту" деген сөздер "ауылының бас су жиналғысы мен суағарын қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Оңтүстік Қазақстан облысының Абай топтық су құбырынан Мақтаарал ауданының ауылдық елдi мекендерiн сумен қамтамасыз ету" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Оңтүстiк Қазақстан облысының қолданыстағы Жетiсай топтық су құбырынан Жетiсай қаласына дейiнгi суағар";
2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429
қаулысына
:
көрсетiлген қаулыға
145-қосымшада
:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
040-кiшi бағдарламадағы "компьютерлер - 3 бiрлiк, офистiк жиhаздар - 22 бiрлiк, зертханалық жиhаздар - 32 бiрлiк, ғимараттарға, құрылыстарға және тағы басқа зертханалық жабдықтарға күрделi жөндеу." деген сөздер "компьютерлер - 5 бiрлiк, принтерлер - 2 бiрлiк, көшiру аппараты - 1 бiрлiк, сканер - 1 бiрлiк, плоттер - 1 бiрлiк, офистiк жиhаздар - 22 бiрлiк, зертханалық жиhаздар - 40 бiрлiк, зертханалық жабдықтар - 23 бiрлiк." деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 148-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
033-кiшi бағдарламадағы "байланыс құралдары "KENWOOD" - 65 бiрлiк." деген сөздер "байланыс құралдары ("KENWOOD" радиостанциясы) тұрақты - 1 бiрлiк, ұтқыр - 80 бiрлiк (соның iшiнде қосымша 15 бiрлiк), алып жүретiн - 18 бiрлiк.," деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 157-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
033-кiшi бағдарламадағы "1,6-2,0 мың гектар" деген сөздер "4,9-5,4 мың гектар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"89,0-100,0 мың гектар алаңға гербицидтердi сатып алу" деген сөздер "106,4-117,4 мың гектар алаңға гербицидтердi сатып алу, соның iшiнде олардың қорын жасау;" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 184-қосымшада:
7-тармақта:
1) тармақшада:
"Оңтүстiк Қазақстан облысы Абай топты су құбырынан Мақтаарал ауданының ауылдық елдi мекендерiн сумен жабдықтау" деген сөздер "Оңтүстiк Қазақстан облысының қолданыстағы Жетiсай топтық су құбырынан Жетiсай қаласына дейiнгi суағар;" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жамбыл облысы Қордай ауданының Қордай ауылын сумен жабдықтау; Қызылорда облысының Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын және оған қосылу тармақтарын (3-кезегi) салу" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
"Алматы облысы Түрген сутартқышын қайта жаңарту" деген сөздер алынып тасталсын;
"cу құбыры" деген сөздер "су шаруашылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Кеңгiрбай би, Арқат, Құндызды" деген сөздер алынып тасталсын;
"Жамбыл облысы Қордай кентiнiң жүйесiн жаңғырту" деген сөздер алынып тасталсын;
"ауылының су құбырлары жүйесiн" деген сөздер "ауылына дейiнгi бас су жиналғы мен суағар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ақмола облысы Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту (1-кезегi);
Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев топтық су құбырын қайта жаңарту (1-кезегі); Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл топтық су құбырын қайта жаңарту (1-кезегi);" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
"8 құрылысын салу және 8-iн жаңғырту" деген сөздер "7 құрылысын салу және 10-ын қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 188-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
5-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Негiзгi құралдарды сатып алу:
К-701 тракторының двигателi (ЯМЗ - 240) - 1 бiрлiк;
К-700 тракторының двигателi (ЯМЗ 238) - 2 бiрлiк;
К-701 тракторының берiлiс қорабы - 1 бiрлiк;
К-700 тракторының берiлiс қорабы - 1 бiрлiк".
6-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"ІV тоқсан";
7-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi".