Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 1312 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы Бердiбек Мәшбекұлы Сапарбаевқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Мемлекеттiк шекара арқылы
өткiзу пункттерi туралы
Келісім

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi,
      1997 жылғы 8 сәуiрдегi Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы Мәңгiлiк достық туралы шартты, 1998 жылғы 25 қарашадағы Достастыққа кiрмейтiн мемлекеттермен жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде шекаралық бақылау саласында шекара маңындағы әскерлердiң ынтымақтастығы туралы келiсiмдi және 2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмдi дамыту үшін,
      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасында тату көршiлестiк, достық және ынтымақтастық қатынастарын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында,
      өзара экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн негiзге ала отырып,
      тең құқықтық пен өзара тиiмдiлiк қағидаттарының негiзiнде ынтымақтастық пен сауданы барынша дамытуға арналған жағдайлар жасауға ұмтылысты, заңсыз көшi-қонды, қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, есiрткi құралдарының, психотроптық және улаушы заттар мен прекурсорлардың контрабандасын анықтау және жолын кесу мақсатында қазақстан-қырғыз мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу тәртiбiн жетiлдiру қажеттiлiгiн басшылыққа ала отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Қазақстан-қырғыз мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу үшiн Тараптар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк шекара арқылы көп жақты және екi жақты өткiзу пункттерiн (бұдан әрi - өткiзу пункттерi) орналастыруды шештi.
      Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары үшiн жеке өткiзу пункттерiн орналастыруы мүмкiн.
      Көп жақты өткiзу пункттерi Тараптар мемлекеттерiнiң және басқа да мемлекеттердiң адамдарын, тауарлары мен көлiк құралдарын өткiзудi жүзеге асырады.
      Екi жақты өткiзу пункттерi Тараптар мемлекеттерiнiң адамдарын, тауарлары мен көлiк құралдарын өткiзудi жүзеге асырады.
      Өткiзу пункттерiнiң жұмыс тәртiбi Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық, кедендiк және басқа да мүдделi органдарының арасында келiсiм бойынша белгiленедi.

2-бап

      Тараптар мемлекеттерi өткiзу пункттерiнiң жұмыс режимi осы Келiсiмге Қосымшаға сәйкес белгiленедi.
      Өткiзу пункттерiнiң жұмыс режимi мен тәртiбiнiң сақталуына бақылау Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына, өздерi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес белгiленедi.

3-бап

      Адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын шекаралық, кедендiк және басқа да бақылау түрлерi (бұдан әрi - бақылау) Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына және өздерi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өткiзу пункттерiнде жүзеге асырылады.
      Қажет болған жағдайда, Тараптар бiрлескен бақылау жүргiзу үшiн жағдайлар жасайды. Бiрлескен бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбi Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық, кедендiк және басқа да мүдделi органдарының арасындағы жеке уағдаластықтармен айқындалатын болады.

4-бап

      Өткізу пункттерiнде тиiстi қызметiн қамтамасыз ету үшiн Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағында қажеттi инфрақұрылым құрады.
      Егер өткiзу пунктiнде бiрлескен бақылау жүргiзу мүмкiндiгi көзделген жағдайда, өткiзу пункттерiн жобалау мен құрылысын салу Тараптардың өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

5-бап

      Өткiзу пункттерiн ашу және жабу немесе олардың мәртебесiн өзгерту Тараптармен дипломатиялық арналар бойынша келiсiледi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi және аталған Келiсiмнiң 10-бабына сәйкес күшiне енедi.

6-бап

      Ерекше жағдайларда Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық және кедендiк ведомстволары өзара уағдаластық бойынша белгiленген бақылау тәртiбiн сақтай отырып, мемлекеттiк шекара арқылы адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын жұмыс iстеп тұрған өткiзу пункттерiнен тыс өткiзудi жүзеге асыруы не өткiзу пункттерi арқылы қозғалысты тоқтатуы мүмкiн.
      Мұндай шектеулердi енгiзетiн не өткiзу пункттерiнен тыс қозғалысты белгiлейтiн Тарап оларды енгiзудiң жоспарланып отырған уақытына дейiн 24 сағаттан кешiктiрмей себептерi мен оларды қолдану мерзiмдерiн көрсете отырып, екiншi Тарапты дипломатиялық арналар бойынша хабардар етедi.
      Тараптар бiрiн-бiрi объектiлердi - өткiзу пункттерiн немесе коммуникациялық құрылыстарды жоспарлы жөндеуге (қайта құруға) байланысты мемлекеттiк шекара арқылы жекелеген өткiзу пункттерiнде қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы жұмыстар басталғанға дейiн 30 тәулiктен кешiктiрмей хабардар ететiн болады.

7-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

8-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн және аталған Келiсiмнiң 10-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану мен түсiндiру жөнiнде даулар және келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешедi.

10-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың ол күшiне ену үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл бойы қолданылады және егер Тараптардың бiрi кезектi бес жылдық мерзiм аяқталғанға дейiн 6 айдан кешiктiрмей өзiнiң оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапты хабардар етпесе, кейiнгi бес жылдық мерзiмдерге өздiгiнен ұзартылатын болады.
      Осы Келiсiм Тараптардың бiрi екiншi Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн алты ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
      2003 жылғы "__" желтоқсанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiндегi екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндер бiрдей күшке ие.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаттары үшiн орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.

      Қазақстан Республикасының           Қырғыз Республикасының
      Yкiметi үшiн                        Yкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге қосымша

_________________________________________________________________
N  Қырғыз     Қырғыз    Қазақстан    Қазақстан   Өткізу   Жұмыс
   Республи.  Республи. Республикасы Республика. пункте.  режимі
   касы       касында   өткізу       сында       рінің
   өткізу     орналас.  пункттерінің орналасқан  мәрте.
   пунктте.   қан       атауы        жері        бесі
   рінің      жері
   атауы
_________________________________________________________________
1  Қарқара -  Ыстықкөл  Кеген -     Алматы облы. көп     тәуліктің
   автожол.   облысы    автожол.    сы, Райымбек жақты   жарық
   дық        Түп ауда. дық         ауданы       халықа. уақыты
              ны                                 ралық

2  Тоқмақ -   Шу облысы,Сарытөбе -  Жамбыл облы. екі     тәулік
   автожол.   Шу ауданы автожол.    сы, Қордай   жақты   бойы
   дық                  дық         ауданы

3  Кең-Бұлын- Шу облысы,  Аухатты   Жамбыл       екі     тәулік
   автожол.   Ыстық-     автожол.   облысы,      жақты   бойы
   дық        атын       дық        Қордай
              ауданы                ауданы

4  Ақтілек -  Шу облысы Қордай -    Жамбыл       көп     тәулік
   автожол.   Ыстық-    автожол.    облысы,      жақты   бойы
   дық        атын      дық         Қордай       халықа.
              ауданы                ауданы       ралық

5  Ақжол -    Шу облысы Қордай -    Жамбыл       көп     тәулік
   автожол.   Аламұдын  автожолдық  облысы,      жақты   бойы
   дық        ауданы                Қордай       халықа.
                                    ауданы       ралық

6  Камашинов. Шу облысы Камашинов.  Жамбыл       екі     тәуліктің
   ка - авто. Соқұлық   ка - авто.  облысы,      жақты   жарық
   жолдық     ауданы    жолдық      Қордай               уақыты
                                    ауданы

7  Шалдыбар - Шу облысы Нововоскре. Жамбыл       көп     тәулік
   автожолдық Панфилов  сеновка     облысы,      жақты   бойы
              ауданы    автожолдық  Мерке        халықара.
                                    ауданы       лық

8  Шоң қақпа- Талас     Айша бибі - Жамбыл       көп     тәулік
   автожолдық облысы,   автожолдық  облысы,      жақты   бойы
              Манас                 Жамбыл       халықара.
              ауданы                ауданы       лық

9  Кіші       Талас     Бесағаш     Жамбыл       екі     тәулік
   қақпа-     облысы,   автожолдық  облысы,      жақты   бойы
   автожолдық Манас                 Жамбыл
              ауданы                ауданы

10 Қайынды -  Шу облысы Мерке -     Жамбыл       көп     тәулік
   теміржол.  Қайынды   теміржолдық облысы,      жақты   бойы
   дық        қтк                   Мерке        халықара.
                                    ауданы       лық

11 Көпқурай - Талас     Алатау -    Жамбыл       екі     тәулік
   автожолдық облысы    автожолдық  облысы,      жақты   бойы
              Қарабура              Жамбыл
              ауданы                ауданы

12 Жайыл -    Шу облысы Жайыл -     Жамбыл       екі     тәулік
   автожолдық           автожолдық  облысы       жақты   бойы
_________________________________________________________________

О заключении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о пунктах пропуска через государственную границу

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2003 года N 1312

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о пунктах пропуска через государственную границу.
      2. Уполномочить Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан Сапарбаева Бердибека Машбековича заключить от имени Правительства Республики Казахстан Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о пунктах пропуска через государственную границу, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект    

Соглашение
между Правительством Республики Казахстан и
Правительством Кыргызской Республики о
пунктах пропуска через государственную границу

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Кыргызской Республики, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      в развитие Договора о вечной дружбе между Кыргызской Республикой и Республикой Казахстан от 8 апреля 1997 года, Соглашения о сотрудничестве пограничных войск в сфере пограничного контроля в пунктах пропуска через границы государств-участников Содружества Независимых Государств с государствами, не входящими в Содружество, от 25 ноября 1998 года и Соглашения между Правительством Республики Беларусь, Правительством Республики Казахстан, Правительством Кыргызской Республики, Правительством Российской Федерации и Правительством Республики Таджикистан о взаимных безвизовых поездках граждан от 30 ноября 2000 года,
      в целях создания благоприятных условий для развития отношений добрососедства, дружбы и сотрудничества между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой,
      исходя из жизненно важных интересов обеспечения взаимной экономической безопасности,
      руководствуясь стремлением к созданию условий для всемерного развития сотрудничества и торговли на основе принципов равноправия и взаимовыгоды, необходимостью совершенствования порядка пропуска через казахстанско-кыргызскую государственную границу лиц, товаров и транспортных средств с целью выявления и пресечения нелегальной миграции, контрабанды оружия, боеприпасов, наркотических средств, психотропных и отравляющих веществ и прекурсоров,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Для пропуска через казахстанско-кыргызскую государственную границу лиц, товаров и транспортных средств Стороны решили установить многосторонние и двусторонние пункты пропуска через государственную границу (далее - пункты пропуска), указанные в Приложении, являющемся неотъемлемой частью настоящего Соглашения.
      В соответствии с национальными законодательствами своих государств Стороны могут установить отдельные пункты пропуска для граждан государств Сторон.
      Многосторонние пункты пропуска осуществляют пропуск лиц, товаров и транспортных средств государств Сторон и других государств.
      Двусторонние пункты пропуска осуществляют пропуск лиц, товаров и транспортных средств государств Сторон.
      Порядок работы пунктов пропуска устанавливается по согласованию между пограничными, таможенными и другими заинтересованными органами государств Сторон.

Статья 2

      Режим работы пунктов пропуска государств Сторон устанавливается в соответствии с Приложением к настоящему Соглашению.
      Контроль за соблюдением режима и порядка работы пунктов пропуска устанавливается в соответствии с национальными законодательствами государств Сторон, международными договорами, участниками которых они являются.

Статья 3

      Пограничный, таможенный и другие виды контроля лиц, товаров и транспортных средств (далее - контроль) осуществляются в пунктах пропуска в соответствии с национальными законодательствами государств Сторон и международными договорами, участниками которых они являются.
      При необходимости Стороны создают условия для совместного контроля. Порядок организации и осуществления совместного контроля будет определяться отдельными договоренностями между пограничными, таможенными и другими заинтересованными органами государств Сторон.

Статья 4

      Для обеспечения надлежащей деятельности пунктов пропуска каждая из Сторон создает на территории своего государства необходимую инфраструктуру.
      В случае, если предусмотрена возможность проведения в пунктах пропуска совместного контроля, проектирование и строительство пунктов пропуска осуществляются по взаимному согласию Сторон.

Статья 5

      Открытие и закрытие пунктов пропуска или изменение их статуса согласовываются Сторонами по дипломатическим каналам и оформляются отдельными протоколами, которые будут являться неотъемлемыми частями настоящего Соглашения и вступают в силу в соответствии со статьей 10 данного Соглашения.

Статья 6

      В исключительных случаях пограничные и таможенные ведомства государств Сторон по взаимной договоренности могут осуществлять пропуск лиц, товаров и транспортных средств через государственную границу вне действующих пунктов пропуска с соблюдением установленного порядка контроля, либо прекращать движение через пункты пропуска.
      Сторона, которая вводит такие ограничения либо устанавливает движение вне пунктов пропуска, уведомляет другую Сторону по дипломатическим каналам не позднее, чем за 24 часа до планируемого времени их введения, с указанием причин и сроков их действия.
      Стороны будут информировать друг друга об ограничениях или прекращении движения в отдельных пунктах пропуска через государственную границу в связи с плановым ремонтом (реконструкцией) объектов-пунктов пропуска или коммуникационных сооружений, не позднее чем за 30 суток до начала работ.

Статья 7

      Настоящее Соглашение не затрагивает прав и обязательств Сторон по другим международным договорам, участниками которых они являются.

Статья 8

      По взаимному согласию Сторон в настоящее Соглашение могут вноситься изменения и дополнения, которые оформляются отдельными протоколами, являющимися неотъемлемыми частями Соглашения и вступающими в силу в порядке, предусмотренном статьей 10 данного Соглашения.

Статья 9

      В случае возникновения споров и разногласий по применению и толкованию положений настоящего Соглашения Стороны решат их путем переговоров или консультаций.

Статья 10

      Настоящее Соглашение вступает в силу со дня получения последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Настоящее Соглашение действует в течение пяти лет и будет автоматически продлеваться каждый раз на последующие пятилетние сроки, если одна из Сторон не уведомит другую Сторону о своем желании прекратить его действие не позднее, чем за 6 месяцев до истечения очередного пятилетнего срока.
      Настоящее Соглашение прекратит свое действие по истечении шести месяцев после получения одной из Сторон соответствующего письменного уведомления другой Стороны.

      Совершено в городе Астане "__" декабря 2003 года в двух экземплярах, каждый на казахском, кыргызском и русском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу.
      Для целей толкования положений настоящего Соглашения используется текст на русском языке.

        За Правительство               За Правительство
      Республики Казахстан           Кыргызской Республики

Приложение
к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о пунктах пропуска
через государственную границу

--------------------------------------------------------------------
N !Наименова-!Место дис-!Наименование!Место дис-! Статус ! Режим
  !ние пунк- !локации в !  пунктов   !локации в ! пунктов! работы
  !тов пропу-!Кыргызской! пропуска в !Республике!пропуска!
  !ска в Кыр-!Республике! Республике !Казахстан !        !
  !гызской   !          ! Казахстан  !          !        !
  !Республике!          !            !          !        !
--------------------------------------------------------------------
1. Каркыра -  Иссык-     Кеген-авто-  Алматинская много-    светлое
   автодорож- Кульская   дорожный     область,    сторонний время
   ный        область                 Раимбекский междуна-  суток
              Тюпский                 район       родный
              район

2. Токмок -   Чуйская    Сартобе -    Жамбылская  двусто-   кругло-
   автодорож- область    автодорож-   область     ронний    суточный
   ный        Чуйский    ный          Кордайский
              район                   район

3. Кен-Булун  Чуйская    Аухатты -    Жамбылская  двусто-   кругло-
   - автодо-  область    автодорожный область     ронний    суточный
   рожный     Ыссык-                  Кордайский
              Атинский                район
              район

4. Ак-Тилек - Чуйская    Карасу -     Жамбылская  много-    кругло-
   автодорож- область    автодорож-   область     сторонний суточный
   ный        Ыссык-     ный          Кордайский  междуна-
              Атинский                район       родный
              район

5. Ак-Жол -   Чуйская    Кордай -     Жамбылская  многосто- кругло-
   автодо-    область    автодорож-   область     ронний    суточный
   рожный     Аламудун-  ный          Кордайский  междуна-
              ский                    район       родный
              район

6. Камыша-    Чуйская    Камышановка  Жамбылская  двусто-   светлое
   новка -    область    - автодо-    область     ронний    время
   Автодо-    Сокулук-   рожный       Кордайский            суток
   рожный     ский                    район
              район

7. Чалдыбар   Чуйская    Нововоскре-  Жамбылская  многосто- кругло-
   - автодо-  область    сеновка -    область     ронний    суточный
   рожный     Панфилов-  автодорожный Меркенский  междуна-
              ский                    район       родный
              район

8. Чон-Капка  Таласская  Айша-Биби -  Жамбылская  многосто- кругло-
   - автодо-  область    автодорожный область     ронний    суточный
   рожный     Манасский               Жамбылский  междуна-
              район                   район       родный

9. Кичи-Капка Таласская  Бесагаш -    Жамбылская  двусто-   кругло-
   - автодо-  область    автодорожный область     ронний    суточный
   рожный     Манасский               Жамбылский
              район                   район

10 Каинды -   Чуйская    Мерке -      Жамбылская  многосто- кругло-
   железно-   область    железнодо-   область     ронний    суточный
   дорожный   пгт Каинды рожный       Меркенский  междуна-
                                      район       родный

11 Куркуроо - Таласская  Алатау -     Жамбылская  двусто-   кругло-
   автодорож- область    автодорожный область     ронний    суточный
   ный        Карабурин-              Жамбылский
              ский район              район

12 Жайыл -    Чуйская    Жайыл -      Жамбылская  двусто-   кругло-
   автодорож- область    автодорожный область     ронний    суточный
   ный
--------------------------------------------------------------------