Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 262 Заңы

      Минскіде 2000 жылғы 30 қарашада жасалған Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Беларусь Республикасының Yкiметi,
Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз
Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi
және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi арасындағы
азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы
КЕЛІСІМ<*>

*(2002 жылғы 7 маусымнан бастап күшіне енді -
ҚР халықаралық шарттары бюллетені,
2002 ж., N 8, 56-құжат; 2004 ж., N 6, 37-құжат)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi, 
      Тараптар мемлекеттерi арасындағы достық, ізгi көршiлiк қатынастарды дамытуды, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге де байланыстарды нығайтуды мақсат тұта отырып, 
      Тараптар мемлекеттерi арасындағы интеграциялық байланыстарды одан әрi нығайту үшiн қажеттi шаралар қабылдауға қатысты өзара мүдделiлiктi негiзге ала отырып, 
      Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша азаматтардың өзара сапарларының шарттарын барынша жеңiлдету ниетiн басшылыққа ала отырып, 
      төмендегiлер туралы келiстi: 

  1-бап

      Тұрғылықты жерiне қарамастан Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары осы Келiсiмнiң NN 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларында көрсетiлген қолданыстағы құжаттардың бiрi бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарына визасыз келуге, кетуге, транзитпен өтуге, жүрiп-тұруға және онда болуға құқылы. 
      Тараптар осы Келiсiмге қол қойғаннан кейiн осы Келiсiмнiң NN 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларында санамаланған құжаттардың үлгiлерiн дипломатиялық арналар бойынша кiдiрiссiз алмасады. 

  2-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары халықаралық қатынас үшiн ашылған өткiзу пункттерi арқылы Тараптар мемлекеттерiнiң әрқайсысының аумағына келе алады және осы аумақтан кете алады. 
      Тараптар осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер азаматтарының жүрiп-тұруы үшiн ашылған өткiзу пункттерiнiң тiзiмдерiн дипломатиялық арналар бойынша алмасады. 

  3-бап

      Тараптар шекараны кесiп өту құқығына арналған қолданыстағы және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес ресiмделген құжаттары бар Тараптар мемлекеттерi азаматтарын халықаралық қатынас үшiн ашылған өткiзу пункттерiнде үшiншi мемлекеттерге өткiзуге мiндеттенедi және Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары келуiне тыйым салған адамдардың үшiншi мемлекетке өтуiне жол бермеу үшiн шаралар қабылдайтын болады. 

  4-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың төтенше жағдайларда, атап айтқанда, олардың қауiпсiздiгiне, қоғамдық тәртiбiне немесе халықтың денсаулығын сақтауға қауiп төндiретiн жағдайларда өздерiнiң шекаралары мен аумақтарын қорғау жөнiнде ерекше шаралар қолданатын құқықтарына ықпал етпейдi. Мұндай жағдайда мүдделi Тарап Тараптар мемлекеттерi азаматтарының келуiне, кетуiне, болуына, жүрiп-тұруына және транзиттiк жол жүруiне қатысты уақытша шектеу енгiзуi мүмкiн, аталған шектеулер қолданысқа енгiзiлерден 78 сағат бұрын бұл туралы қалған Тараптар дипломатиялық арналар бойынша хабарланады. 

  5-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану саласына қатысты мәселелер бойынша, оның iшiнде құжаттарды иеленушiлердiң жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын қолданыстағы құжаттар туралы, оларды беру мен пайдаланудың тәртiбiндегi өзгерiстер туралы, Тараптар мемлекеттерi аумақтарында шетел азаматтарының болуының ережелерi туралы, сондай-ақ тиiстi заңдық және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлер туралы бiр-бiрiне тұрақты түрде хабарлайды.
      Жаңа құжаттар енгiзiлген немесе осы Келiсiмнiң NN 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларында аталған құжаттарға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда Тараптар оларды қолданысқа енгiзерден 30 күн бұрын дипломатиялық арналар бойынша олардың үлгiлерiмен алмасатын болады.

  6-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн немесе Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында болу ережелерiн бұзған Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары аумағында заңсыздық жасалған Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жауапты болады.

  7-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi. 

  8-бап

      Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады. 
      Әрбiр Тарап депозитарий болып табылатын Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық Комитетiне шығатын күнiнен 90 күн бұрын өзiнiң Келiсiмнен шығу ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберу арқылы Келiсiмнен шыға алады. 
      Осы Келiсiм, егер Тараптардың бiрi Келiсiмге қатысушылардың бiрiне немесе бiрнешеуiне қатысты келiсiмде мазмұндалғаннан ерекшеленетiн азаматтардың сапарлары режимiне көшудi қажет деп тапса, оның осындай құқығын шектемейдi. Мұндай жағдайда қалған Тараптар қабылданған шешiм туралы хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған кезден бастап 30 күн iшiнде Келiсiм бойынша олардың мiндеттемелерi қандай деңгейде орындалатындығын шешу үшiн консультациялар өткiзедi.

  9-бап

      Осы Келiсiм барлық Тараптардың келiсiмiмен кез келген мемлекеттiң қосылуы үшiн ашық.

  10-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама депозитарийге түскен күннен бастап күшiне енедi. 
      Минск қаласында 2000 жылғы 30 қарашада беларусь, қазақ, қырғыз, орыс және тәжiк тiлдерiнде бiр түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. 
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаттары үшiн орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады. 
      Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы оған қол қойған мемлекеттерге оның куәландырылған көшiрмелерiн жiберетiн Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық Комитетiнде сақталады. 

(Қолдары)  

                               Беларусь Республикасының Yкiметi,
                               Қазақстан Республикасының Yкiметi,
                               Қырғыз Республикасының Yкiметi,
                               Ресей Федерациясының Yкiметi және
                               Тәжiкстан Республикасының Yкiметi
                               арасындағы азаматтардың өзара
                               визасыз сапарлары туралы келiсiм
                               жобасының N 1 қосымшасы 

 

  Беларусь Республикасы құжаттарының
ТIЗБЕСI

      1. Беларусь Республикасы азаматының 1993 жылғы үлгiдегi паспорты.
      2. Беларусь Республикасы азаматының 1996 жылғы үлгiдегi паспорты.
      3. Беларусь Республикасының азаматтығына қатыстылығы туралы белгiсi бар, 1974 жылғы үлгiдегi KCPO азаматының қолданыстағы паспорты.
      4. Шетелге жол жүру үшiн белгiленген тәртiппен ресiмделген КСРО-ның шетелдiк паспорты.
      5. Дипломаттық паспорты.
      6. Қызметтiк паспорты.
      7. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа толмаған балалар үшiн).
      8. Іссапар куәлiгi, нұсқама немесе демалыс куәлiгi болған жағдайда, жеке куәлiк, әскери қызметтi өткерiп жатқан әскери қызметкердiң әскери билетi.
      9. Теңiзшiнiң жеке басының ұлттық куәлiгi (кеме журналында жазбасы немесе одан көшiрмесi болған жағдайда).
      10. Темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке куәлiгi (поезд бригадасы құрамындағы жол жүруi кезiнде).
      11. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба болған жағдайда).
      12. Беларусь Республикасына оралуға арналған куәлiк (Беларусь Республикасына оралу үшiн ғана).

                                Беларусь Республикасының Yкiметi,
                                Қазақстан Республикасының Yкiметi,
                                Қырғыз Республикасының Yкiметi,
                                Ресей Федерациясының Yкiметi және
                                Тәжiкстан Республикасының Yкiметi
                                арасындағы азаматтардың өзара
                                визасыз сапарлары туралы келiсiм
                                жобасының N 2 қосымшасы

  Қазақстан Республикасы құжаттарының
ТIЗБЕСI

      1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты. 
      2. Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорты. 
      3. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты. 
      4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi. 
      5. Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлiгi (УК). 
      6. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа толмаған балалар үшiн). 
      7. Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәлiк. 
      8. Теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан көшiрмесi болған жағдайда). 
      9. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба болған жағдайда). 
      10. Темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке куәлiгi (поезд бригадасы құрамындағы жол жүруi кезiнде). 
      11. Іссапар куәлiгi, нұсқама немесе демалыс куәлiгi болған жағдайда, жеке куәлiк, әскери қызметтi өткерiп жатқан әскери қызметкердiң әскери билетi.

                                Беларусь Республикасының Yкiметi,
                                Қазақстан Республикасының Yкiметi,
                                Қырғыз Республикасының Yкiметi,
                                Ресей Федерациясының Yкiметi және
                                Тәжiкстан Республикасының Yкiметi
                                арасындағы азаматтардың өзара
                                визасыз сапарлары туралы келiсiм
                                жобасының N 3 қосымшасы

  Қырғыз Республикасы құжаттарының
ТIЗБЕСI

      1. Қырғыз Республикасы азаматының паспорты.
      2. 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн Қырғыз Республикасының азаматтығы туралы белгiсi бар 1974 жылғы үлгiдегi КСРО паспорты.
      3. Қырғыз Республикасының дипломаттық паспорты.
      4. Қырғыз Республикасының қызметтiк паспорты.
      5. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа толмаған балалар үшiн).
      6. Қырғыз Республикасына оралуға арналған куәлiк.
      7. Iссапар куәлiгi, нұсқама немесе демалыс куәлiгi болған жағдайда, жеке куәлiк, әскери қызметтi өткерiп жатқан әскери қызметкердiң әскери билетi.
      8. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба болған жағдайда).
      9. Темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке куәлiгi (поезд бригадасы құрамындағы жол жүруi кезiнде).
      10. Теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан көшiрмесi болған жағдайда).

                               Беларусь Республикасының Yкiметi,
                               Қазақстан Республикасының Yкiметi,
                               Қырғыз Республикасының Yкiметi,
                               Ресей Федерациясының Yкiметi және
                               Тәжiкстан Республикасының Yкiметi
                               арасындағы азаматтардың өзара
                               визасыз сапарлары туралы келiсiм
                               жобасының N 4 қосымшасы

  Ресей Федерациясы құжаттарының
ТIЗБЕСI

      1. Ресей Федерациясының азаматтығы туралы тапсырмасы, анықтамасы (белгiсi) немесе Ресей азаматтығына қатыстылығы туралы мәтiнi немесе 1992 жылғы 6 ақпандағы жәй-күйi бойынша Ресей Федерациясының аумағында тiркелгендiгi (тұрақты тiркелгендiгi) туралы мөртабаны бар KCPO азаматының паспорты.
      2. Ресей Федерациясы азаматының паспорты.
      3. Ресей Федерациясы азаматының уақытша жеке куәлiгi.
      4. Тууы туралы куәлiк (14 жасқа толмаған балалар үшiн).
      5. Іссапар куәлiгi, нұсқама немесе демалыс куәлiгi болған жағдайда, жеке куәлiк, әскери қызметтi өткерiп жатқан әскери қызметкердiң әскери билетi.
      6. Дипломаттық паспорты.
      7. Қызметтiк паспорты.
      8. Шетелдiк паспорт (Ресей Федерациясының символикасы бар).
      9. Ресей Федерациясының азаматтығы туралы жазбасы немесе белгiсi бар КСРО символикасы бейнеленген жалпы азаматтық шетелдiк паспорт.
      10. Теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан көшiрмесi болған жағдайда).
      11. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба болған жағдайда).
      12. Темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке куәлiгi (поезд бригадасы құрамындағы жол жүруi кезiнде).
      13. Ресей Федерациясына оралуға арналған куәлiк.

                               Беларусь Республикасының Yкiметi,
                               Қазақстан Республикасының Yкiметi,
                               Қырғыз Республикасының Yкiметi,
                               Ресей Федерациясының Yкiметi және
                               Тәжiкстан Республикасының Yкiметi
                               арасындағы азаматтардың өзара
                               визасыз сапарлары туралы келiсiм
                               жобасының N 5 қосымшасы

  Тәжiкстан Республикасы құжаттарының
ТIЗБЕСI

      1. Тәжiкстан Республикасының дипломаттық паспорты. 
      2. Тәжiкстан Республикасының қызметтiк паспорты. 
      3. Тәжiкстан Республикасының шетелдiк паспорты. 
      4. Тәжiкстан Республикасы азаматының паспорты. 
      5. Тәжiкстан Республикасының аумағында тiркелгендiгi туралы белгiсi бар (2004 жылғы 31 желтоқсанға дейiн) 1974 жылғы үлгiдегi КСРО азаматының паспорты. 
      6. Тәжiкстан Республикасына оралу үшiн ғана (2003 жылғы 1 сәуiрге дейiн) 1998 жылғы 1 сәуiрге дейiн берiлген, Тәжiкстан Республикасының азаматтығы туралы жазбасы немесе белгiсi бар КСРО үлгiсiндегi дипломаттық, қызметтiк және шетелдiк паспорт.
      7. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа толмаған балалар үшiн).
      8. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба болған жағдайда).
      9. Темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке куәлiгi (поезд бригадасы құрамындағы жол жүруi кезiнде).
      10. Тәжiкстан Республикасына оралу туралы куәлiк.
      11. Іссапар куәлiгi, нұсқама немесе демалыс куәлiгi болған жағдайда, жеке куәлiк, әскери қызметтi өткерiп жатқан әскери қызметкердiң әскери билетi.
      12. Теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан көшiрмесi болған жағдайда).

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады