"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Yкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қосымшаға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн 6480116 (алты миллион төрт жүз сексен мың бiр жүз он алты) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражатын мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы
30 желтоқсандағы
N 1346 қаулысына
қосымша
Орындалуы тиіс сот шешімдерінің тізбесі
_________________________________________________________________
Р/с Сот органының атауы Талапкердің Мемлекет. Мемлекет.
N мен сот шешімінің атауы тік бажды тік баж
шыққан күні шегерген. (теңге)
дегі сома
(теңге)
_________________________________________________________________
1 2 3 4 5
_________________________________________________________________
1 Ақмола гарнизоны "Ал-Пласт" 3 590 473 107 714
әскери сотының 2002 ЖШС
жылғы 21 ақпандағы
шешімі, Қазақстан
Республикасы
әскерлерінің әскери
соты қадағалау
алқасының 2002
жылғы 27 маусымдағы
қаулысы,
Ақмола гарнизоны
әскери сотының 2003
жылғы 18 сәуірдегі
ұйғарымы,
Ақмола гарнизоны
әскери сотының 2003
жылғы 5 қарашадағы
ұйғарымы
_________________________________________________________________
2 Ақмола гарнизоны "Фирма 2 781 929
сотының 2002 жылғы Алатау"
23 қаңтардағы шешімі, ЖШС
Астана қаласы соты
қадағалау алқасының
2003 жылғы 27 ақпан.
дағы қаулысы,
Ақмола гарнизоны
әскери сотының 2003
жылғы 5 қарашадағы
ұйғарымы
_________________________________________________________________
Жиыны | 6 372 402 107 714
___________________________________|_____________________________
Жалпы сомасы | 6 480 116
___________________________________|_____________________________