Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1346 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Yкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қосымшаға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн 6480116 (алты миллион төрт жүз сексен мың бiр жүз он алты) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражатын мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы
30 желтоқсандағы 
N 1346 қаулысына 
қосымша  

Орындалуы тиіс сот шешімдерінің тізбесі

_________________________________________________________________
Р/с Сот органының атауы   Талапкердің  Мемлекет.   Мемлекет.
N   мен сот шешімінің     атауы        тік бажды   тік баж
    шыққан күні                        шегерген.   (теңге)
                                       дегі сома
                                       (теңге)
_________________________________________________________________
1        2                    3            4           5
_________________________________________________________________
1   Ақмола гарнизоны      "Ал-Пласт"   3 590 473   107 714
    әскери сотының 2002      ЖШС
    жылғы 21 ақпандағы
    шешімі, Қазақстан
    Республикасы
    әскерлерінің әскери
    соты қадағалау
    алқасының 2002
    жылғы 27 маусымдағы
    қаулысы,
    Ақмола гарнизоны
    әскери сотының 2003
    жылғы 18 сәуірдегі
    ұйғарымы,
    Ақмола гарнизоны
    әскери сотының 2003
    жылғы 5 қарашадағы
    ұйғарымы
_________________________________________________________________
2   Ақмола гарнизоны      "Фирма    2 781 929
    сотының 2002 жылғы     Алатау"
    23 қаңтардағы шешімі,  ЖШС
    Астана қаласы соты
    қадағалау алқасының
    2003 жылғы 27 ақпан.
    дағы қаулысы,
    Ақмола гарнизоны
    әскери сотының 2003
    жылғы 5 қарашадағы
    ұйғарымы
_________________________________________________________________
Жиыны                              | 6 372 402      107 714
___________________________________|_____________________________
Жалпы сомасы                       |    6 480 116
___________________________________|_____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады