"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына және "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 170-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өздігінен жылжитын астық тұқымдарын тазалағыш".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі