Нарын-Сырдария су қоймалары құламасының су-энергетикалық режимiн реттеудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қаңтардағы N 5 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Қырғыз Республикасымен су-энергетикалық режимдi тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
 

      1. "Электр станциялары" ашық акционерлiк қоғамы (Қырғыз Республикасы) 2004 жылғы вегетация кезеңi уақытындағы технологиялық ысырапқа арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар 180 миллион кВт сағат көлемiнде электр энергиясын - тауарды берушi болып белгiленсiн.
 

      2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" (бұдан әрi - "KEGOC" ААҚ) ашық акционерлік қоғамына белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген берушiден бiр көзден мемлекеттiк сатып алу тәсілімен 2004 жылғы вегетация кезеңi уақытындағы технологиялық ысырапқа арналған 180 миллион кBт сағат көлемiнде электр энергиясын алдын ала ақы төлеу шартымен сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын.
 

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерi "KEGOC" ААҚ акциялары бойынша 2003 жыл үшiн дивидендтер төлеу мерзiмiн 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiн ұзарту туралы мәселе қарасын.
 

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О некоторых вопросах регулирования водно-энергетического режима Нарын-Сырдарьинского каскада водохранилищ

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2004 года N 5

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках", в целях обеспечения стабилизации водно-энергетического режима с Кыргызской Республикой Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Определить открытое акционерное общество "Электрические станции" (Кыргызская Республика) поставщиком товара - электрической энергии в объеме 180 миллионов кВт часов на технологические потери на время вегетационного периода 2004 года, закупка которого имеет важное стратегическое значение.

      2. Рекомендовать открытому акционерному обществу "Казахстанская компания по управлению электрическими сетями" (далее - ОАО "KEGOC") в установленном порядке осуществить закуп на условиях предоплаты электрической энергии в объеме 180 миллионов кВт часов на технологические потери на время вегетационного периода 2004 года способом государственных закупок из одного источника у поставщика, указанного в пункте 1 настоящего постановления.

      3. Министерствам финансов, энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан рассмотреть вопрос об отсрочке выплаты дивидендов за 2003 год по акциям ОАО "KEGOC" до 1 декабря 2004 года.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан