"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Қырғыз Республикасымен су-энергетикалық режимдi тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Электр станциялары" ашық акционерлiк қоғамы (Қырғыз Республикасы) 2004 жылғы вегетация кезеңi уақытындағы технологиялық ысырапқа арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар 180 миллион кВт сағат көлемiнде электр энергиясын - тауарды берушi болып белгiленсiн.
2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" (бұдан әрi - "KEGOC" ААҚ) ашық акционерлік қоғамына белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген берушiден бiр көзден мемлекеттiк сатып алу тәсілімен 2004 жылғы вегетация кезеңi уақытындағы технологиялық ысырапқа арналған 180 миллион кBт сағат көлемiнде электр энергиясын алдын ала ақы төлеу шартымен сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерi "KEGOC" ААҚ акциялары бойынша 2003 жыл үшiн дивидендтер төлеу мерзiмiн 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiн ұзарту туралы мәселе қарасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі