Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 17 Нормативтік қаулысы.

      Ескерту. бүкіл мәтін бойынша:
      "ҚІЖК-де", "ҚІЖК-нің", "ҚІЖК-ге" тиісінше деген сөздер "ҚПК-де", "ҚПК-нің", "ҚПК-ге" деген сөздермен;
      "363" деген цифрлар "382" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау кезінде заңнама нормаларын сот практикасында біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. Қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау сот төрелігін іске асырудың жеделдігін арттыратынына, сот іс жүргізуге байланысты шығындарды кемітетіне судьялар мен іс жүргізуге қатысушылардың уақытын үнемдейтініне, соттардың назары аударылсын.

      2. Соттар Қазақстан Республикасы "Қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай – ҚПК) 382-бабының бірінші бөлігіне сәйкес онша ауыр емес, ауырлығы орташа, сондай-ақ ауыр қылмыстар туралы істерді қысқартылған тәртіппен қарауға болатынын назарда ұстағандары жөн. Істерді қысқартылған тәртіппен қарау, оның ішінде кәмелетке толмағандар, сот iсi жүргiзілетін тiлдi бiлмейтiн адамдар туралы, жәбірленушісі жоқ және басқа да істер бойынша заңмен қандай да болмасын шектеулер белгіленбеген.

      Егер сотталушы өзінің кінәсін және өзіне қойылған талапты толық көлемінде мойындаса, сотқа дейін іс жүргізу барысында ҚПК-де белгіленген ережелердің бұзылуына жол берілмесе және процеске қатысушылар іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің қатыстылығы мен қолданылуына дау туғызбаса және қысқартылған сотқа дейінгі тергеу істері бойынша, сондай-ақ медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша оларды сот отырысында зерттеуді талап етпесе, сот істі қысқартылған тәртіппен жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      3. Істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы мәселені сот ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздерді анықтағаннан кейін, істі өндіріске қабылдаған кезде өзі, сондай-ақ бас сот талқылауының басында, тараптардың пікірін ескере отырып, шешеді. Соттың шешімі басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыларда жазылады немесе сот талқылауының барысында тікелей жарияланады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Егер басты сот талқылау барысында прокурор аса ауыр қылмысты жасады деген айыпты басқа онша ауыр емес қылмыс жасады деген айыпқа өзгертсе, сот сот отырысын қысқартылған тәртіппен жүргізу туралы мәселені қарауға тиіс.

      Тараптар істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы өтінішхат берген жағдайда істі іс жүргізуге қабылдау кезінде және оған ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер болған кезде істі алдын ала тыңдау ҚПК-нің 321-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Сот істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы шешім қабылдау кезінде ҚПК-нің 319, 320-баптарында белгіленген мәселелерді, атап айтқанда:

      істің осы соттың қарауына жататынын;

      таңдалынып алынған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе жоюға жататынын не жатпайтынын;

      істе істі қысқарту не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін негіздердің бар-жоғын;

      тергеу немесе алдын ала тергеу, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізу, кінәні мойындау туралы процестік келісім, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу жүргізу кезінде басты сот талқылауын тағайындауға кедергі болатын бұзушылықтарға жол берілгенін не берілмегенін және басқаларды анықтауға міндетті.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Соттың істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы шешімі басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыларда, немесе басты сот талқылауында жеке құжат ретінде, немесе оны сот отырысының хаттамасына енгізе отырып, жазылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу кезінде сот тергеуі ҚПК-нің 382-бабының екінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте басқа дәлелдемелерді жариялау және зерттеу талап етілмейді, өйткені оларды ешкім дауламайды және олар нанымдылығы, қатыстылығы және жол берілетіндігі бойынша танылады. Сот жарыссөзі мен істің қаралуын аяқтау сот жарыссөзі жүргізілмейтін және сотталушы соңғы сөзді сөйлемейтін, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істерді қоспағанда, ҚПК-нің 383, 384, 385, 386-баптарында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.

      Сот талқылауының қысқартылған тәртібі кезінде іс жүргізуге қатысушылардың процессуалдық құқықтарын кемсітуге немесе құқықтарына қысым жасауға, шектеу қоюға жол берілмейді.

      Егер ол іс бойынша тарап болып табылмайтын басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мән-жайларды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне әсер ететін болса, сот талқылауы қысқартылған тәртіппен жүргізілуі мүмкін емес.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 22.12.2016 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      9. ҚПК-нің 382-бабының үшінші бөлігінің негізінде, егер басты сот талқылауының барысында айыпталушыдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде сот отырысында зерттеуді қажет ететін мән-жайлар анықталса сот тергеуді толық көлемде жүргізу туралы қаулы шығара алады. Егер сот жарыссөздерінде сөйлегендер немесе сотталушы соңғы сөзінде іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен ҚПК-нің 385-бабының негізінде, сот тергеуін қайтадан жүргізеді. Қайта жүргізілген сот тергеуі аяқталғаннан кейін сот жарыссөзін сот қайтадан ашады және соңғы сөзін сөйлеуі үшін сотталушыға сөз береді. Егер іс жүргізуге қатысушылар жаңа мән-жайларға дау айтса сот тергеуді кәдуілгі тәртіппен жүргізу туралы қаулы етеді.

      Істі сотта іс жүргізуге қабылдау сатысында басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманың елеулі бұзушылықтары анықталса, ал сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша да және басты сот талқылауы барысында да осы бұзушылықтар анықталса, сот оларды жою үшін уәжді қаулымен ҚПК-нің 323-бабының тәртібімен істі прокурорға қайтарады.

      Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу істері бойынша, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша басты сот талқылауы барысында анықталған қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі бұзушылықтар деп сотты оны жүргізу мүмкіндігінен айыратын бұзушылықтарды таныған жөн.

      Атап айтқанда, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу істері бойынша басты сот талқылауын жүргізуге ҚПК-нің 190-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша, ҚПК-нің 613-бабында көрсетілген шарттардың бұзылуы кедергі болуы мүмкін.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 22.12.2016 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      10. Соттар қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау мерзімдерін қатаң сақтағандары жөн. Істі қысқартылған тәртіппен сот талқылауы сот талқылауы басталған кезден бастап есептелетін он күн мерзімде аяқталуға тиіс. Айрықша жағдайларда бұл мерзім ҚПК-нің 382-бабының екінші бөлігіне сәйкес судьяның уәжді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.

      Іс қарау мерзімдерді ұзартудың негіздері сотталушының, жәбірленушінің келмеуі; тараптардың залалды өз еркімен өтеу үшін мерзім беруге өтінішхат беруі; процестік келісім жасасу туралы өтінішхат беру және т.б. болуы мүмкін.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      11. Істі қысқартылған тәртіппен қараған кезде сот айыптау үкімін, сондай-ақ ақтау үкімін шығаруға, заңда көзделген негіздер болған жағдайда істі қысқартуға не сотталғанды жазадан босатуға құқылы. Сот үкімге істің қысқартылған тәртіппен қаралғаны туралы жазып, сот отырысында зерттелмеген іс материалдарындағы дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы. Істі қысқартылған тәртіппен қарау кезінде сотталушы кінәсін мойындайды деп көзделетіндіктен жазаны тағайындау кезінде мұны қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерген дұрыс.

      12. Сотта ҚПК-ге қатаң сәйкес жүргізілген істің қысқартылған тәртіппен қаралуын сот тергеуі толық жүргізілмеді немесе сот тергеуі біржақты жүргізілді деп бағалауға болмайды, ал үкім негізсіз деп саналуға тиіс емес әрі зерттелмеген немесе дәлелдемелері жеткіліксіз деген уәждермен бұзылуға жатпайды. Қысқартылған тәртіппен қаралған істер бойынша шағымдарды, соттың үкімдеріне, қаулыларына наразылықтарды апелляциялық тәртіппен қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      13. Соттар қысқартылған тәртіппен қаралған істер бойынша шығарылған үкімдерге, қаулыларға апелляциялық шағымдар, кассациялық өтінішхаттар, наразылықтар бойынша істерді қарау кезінде бірінші сатыдағы соттың ҚПК-нің 382-бабының талаптарын қаншалықты сақтағанын тексеруге тиіс.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 22.12.2016 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      13-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау кезінде жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзімін және мөлшерін ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан асыруға болмайды.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      13-2. Кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар қылмыстық істер арнайы норма болғандықтан, ҚПК-нің 64-тарауының талаптарын сақтай отырып, келісімдік іс жүргізу тәртібімен шешіледі. Ынтымақтастық туралы процестік келісімі бар істер қысқартылған тәртіппен қаралуға жатпайды және ҚПК-нің 51-тарауына сәйкес сот шешімдерін орындау сатысында шешіледі.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      14. Қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларының бұзылуына байланысты істі қысқартылған тәртіппен қарау кезінде шығарылған үкімнің күші жойылып, іс жаңадан талқылауға жіберілген жағдайда іс ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінің талаптары сақтала отырып қайтадан қысқартылған тәртіппен қаралады.

      15. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы



О рассмотрении судами уголовных дел в сокращенном порядке

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года N 17.

      Сноска. По всему тексту:
      вносятся изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется;
      цифры "363" заменены цифрами "382" нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2016 № 16.

      В целях единообразного применения в судебной практике норм законодательства о рассмотрении уголовных дел в сокращенном порядке, пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Обратить внимание судов, что рассмотрение уголовных дел в сокращенном порядке повышает оперативность отправления правосудия, уменьшает расходы, связанные с судопроизводством, сокращает судебные издержки, высвобождает время судей и участников процесса.

      2. Судам следует иметь в виду, что в соответствии с частью первой статьи 382 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее - УПК) в сокращенном порядке рассматриваются дела о преступлениях небольшой, средней тяжести и тяжких преступлениях. Каких-либо ограничений по рассмотрению дел в сокращенном порядке, в том числе по делам о несовершеннолетних, лиц, не владеющих языком судопроизводства, по которым отсутствует потерпевший, и другим, законом не установлено.

      Суд принимает решение о рассмотрении дела в сокращенном порядке, если подсудимый признает вину в полном объеме, в том числе, и предъявленные к нему исковые требования, в ходе досудебного производства не допущено нарушение правил, установленных УПК и ущемляющих права участников процесса, а также, если участники процесса не оспаривают относимость и допустимость доказательств, собранных по делу, и не настаивают на их исследовании в судебном заседании, а также по делам ускоренного досудебного расследования, или соглашением о достижении примирения в порядке медиации.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 22.12.2016 № 16; от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. Вопрос о рассмотрении дела в сокращенном порядке решается судом при принятии дела к производству после установления оснований, указанных в части первой статьи 382 УПК, самостоятельно, а также в начале главного судебного разбирательства, с учетом мнения сторон. Решение суда излагается в постановлениях о назначении главного судебного разбирательства либо непосредственно в ходе судебного разбирательства.

      Сноска. Пункт 3 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 22.12.2016 № 16.

      4. Если в ходе главного судебного разбирательства прокурором изменено обвинение с особо тяжкого на обвинение в совершении другого менее тяжкого преступления, суд должен рассмотреть вопрос о проведении судебного заседания в сокращенном порядке.

      В случае подачи сторонами ходатайства о рассмотрении дела в сокращенном порядке при принятии дела к производству и наличия к нему оснований, указанных в части первой статьи 382 УПК, предварительное слушание проводится в соответствии с требованиями статьи 321 УПК.

      Сноска. Пункт 4 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 22.12.2016 № 16.

      5. Исключен нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2016 № 16.

      6. Суд при принятии решения о рассмотрении дела в сокращенном порядке обязан выяснить также вопросы, указанные в статьях 319, 320 УПК, в частности:

      подсудно ли дело данному суду;

      подлежит ли изменению или отмене избранная мера пресечения;

      нет ли оснований для прекращения дела или приостановления производства по делу;

      не допущены ли нарушения при производстве дознания или предварительного следствия, проведения ускоренного досудебного расследования, при заключении процессуального соглашения о признании вины, соглашения о достижении примирения в порядке медиации, препятствующие назначению главного судебного разбирательства, и другие.

      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2016 № 16.

      7. Решение суда о рассмотрении дела в сокращенном порядке излагается в постановлениях о назначении главного судебного разбирательства, либо в главном судебном заседании в виде отдельного документа, или с занесением его в протокол судебного заседания.

      Сноска. Пункт 7 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 22.12.2016 № 16.

      8. При сокращенном порядке судебного разбирательства судебное следствие проводится в соответствии с частью второй статьи 382 УПК. При этом не требуется оглашение и исследование других доказательств, поскольку они никем не оспариваются и признаются достоверными, относимыми и допустимыми. Судебные прения и завершение рассмотрения дела осуществляются по правилам, установленным статьями 383, 384, 385, 386 УПК, за исключением дел с соглашением о достижении примирения в порядке медиации, по которым судебные прения не проводятся и последнее слово подсудимым не произносится.

      Ущемление или ограничение процессуальных прав участников процесса при сокращенном порядке судебного разбирательства не допускается.

      Судебное разбирательство не может быть проведено в сокращенном порядке, если это может отразиться на всесторонности, полноте и объективности исследования обстоятельств, затрагивающих права и законные интересы других лиц, не являющихся сторонами по делу.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 25.06.2010 № 19 (порядок введения в действие см. п. 2); от 22.12.2016 № 16.

      9. На основании части третьей статьи 382 УПК, если в ходе допроса обвиняемого или потерпевшего в главном судебном разбирательстве будут установлены обстоятельства, требующие исследования в судебном заседании, суд может постановить о проведении судебного следствия в полном объеме. Если выступающие в судебных прениях или подсудимый в последнем слове сообщат о новых обстоятельствах, имеющих значение для дела, суд по ходатайству сторон или по собственной инициативе на основании статьи 385 УПК возобновляет судебное следствие. По окончании возобновленного судебного следствия суд вновь открывает судебные прения и предоставляет подсудимому последнее слово. Если новые обстоятельства оспариваются участниками процесса, суд постановляет о проведении судебного следствия в обычном порядке.

      При установлении существенных нарушений уголовно-процессуального законодательства, препятствующих назначению главного судебного разбирательства на стадии принятия дела к производству в суде, а по делам ускоренного досудебного расследования, делам с процессуальным соглашением о признании вины, при установлении этих нарушений и в ходе главного судебного разбирательства, суд мотивированным постановлением возвращает дело прокурору для их устранения в порядке статьи 323 УПК.

      По делам ускоренного досудебного расследования, делам с процессуальным соглашением о признании вины, под существенными нарушениями уголовно-процессуального закона, установленными в ходе главного судебного разбирательства, следует признавать такие нарушения, которые лишают суд возможности его проведения.

      В частности, препятствием к проведению главного судебного разбирательства по делам ускоренного досудебного расследования могут быть основания, предусмотренные частью шестой статьи 190 УПК; по делам с процессуальным соглашением о признании вины, нарушение условий, указанных в статье 613 УПК.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 25.06.2010 № 19 (порядок введения в действие см. п. 2); от 22.12.2016 № 16.

      10. Судам следует строго соблюдать сроки рассмотрения уголовных дел в сокращенном порядке. Судебное разбирательство дела в сокращенном порядке должно быть окончено в срок до десяти суток, который исчисляется с момента начала судебного разбирательства. В исключительных случаях этот срок в соответствии с частью второй статьи 382 УПК может быть продлен мотивированным постановлением судьи до двадцати суток.

      Основаниями продления сроков рассмотрения могут быть неявка подсудимого, потерпевшего; подача сторонами ходатайства на предоставление срока для добровольного возмещения ущерба; подача ходатайства о заключении процессуального соглашения и т.д.

      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 22.12.2016 № 16; от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      11. При сокращенном порядке рассмотрения дела суд вправе выносить как обвинительный, так и оправдательный приговор, прекратить дело производством либо освободить осужденного от наказания по основаниям, предусмотренным законом. Суд вправе ссылаться в приговоре на доказательства, имеющиеся в материалах дела, которые не были исследованы в судебном заседании, оговорив, что дело рассмотрено в сокращенном порядке. Поскольку сокращенный порядок рассмотрения дел предполагает признание вины подсудимым, это обстоятельство следует учитывать при назначении наказания как смягчающее уголовную ответственность и наказание.

      12. Судебное следствие при сокращенном порядке, проведенном в строгом соответствии с УПК , не может расцениваться как неполное или одностороннее, а приговор не может считаться необоснованным и быть отмененным по мотивам неисследованности или недостаточности доказательств. Рассмотрение в апелляционном порядке жалоб, протестов на приговоры, постановления суда по делам, рассмотренным в сокращенном порядке, осуществляется судьей единолично.

      Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2016 № 16.

      13. Суды при рассмотрении дел по апелляционным жалобам, кассационным ходатайствам, протестам на приговоры, постановления по делам, рассмотренным в сокращенном порядке, должны проверять, соблюдены ли судом первой инстанции требования статьи 382 УПК.

      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 25.06.2010 № 19 (порядок введения в действие см. п. 2); от 22.12.2016 № 16.

      13-1. В соответствии с частью третьей статьи 55 Уголовного кодекса Республики Казахстан (далее - УК), при рассмотрении в сокращенном порядке уголовных дел ускоренного досудебного расследования, срок и размер наказания за совершенное уголовное преступление не может превышать половины максимального срока или размера, предусмотренного соответствующей статьей Особенной части УК.

      Сноска. Постановление дополнено пунктом 13-1 в соответствии с нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2016 № 16; с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      13-2. Уголовные дела с процессуальным соглашением о признании вины ввиду наличия специальной нормы разрешаются в порядке согласительного производства с соблюдением требований главы 64 УПК. Дела с процессуальным соглашением о сотрудничестве рассмотрению в сокращенном порядке не подлежат и разрешаются на стадии исполнения судебных решений в соответствии с главой 51 УПК.

      Сноска. Постановление дополнено пунктом 13-2 в соответствии с нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2016 № 16.

      14. При отмене приговора в связи с нарушениями норм уголовно-процессуального закона, вынесенного при сокращенном порядке рассмотрения дела с направлением его на новое судебное рассмотрение, дело вновь рассматривается в сокращенном порядке при соблюдении требований части первой статьи 382 УПК.

      15. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, а также является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.

Председатель Верховного Суда
Республики Казахстан
Судья Верховного Суда
Республики Казахстан,
секретарь пленарного
заседания