"Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 16 Нормативтік қаулысы.

      1. "Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 19 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "ҚІЖК-де", "ҚІЖК-нің", "ҚІЖК-ге" тиісінше деген сөздер "ҚПК-де", "ҚПК-нің", "ҚПК-ге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "363" деген цифрлар "382" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) 2-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "Қылмыстық—іс жүргізу кодексінің (әрі қарай – ҚІЖК) деген сөздер "Қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай – ҚПК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тек онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы" деген сөздер "онша ауыр емес, ауырлығы орташа, сондай-ақ ауыр қылмыстар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "қолданылуына дау туғызбаса және" деген сөздерден кейін "қысқартылған сотқа дейінгі тергеу істері бойынша, сондай-ақ, кінәні мойындау туралы процестік келісім немесе медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 3-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:

      "3. Істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы мәселені сот ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздерді анықтағаннан кейін, істі өндіріске қабылдаған кезде өзі, сондай-ақ бас сот талқылауының басында, тараптардың пікірін ескере отырып, шешеді. Соттың шешімі басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыларда жазылады немесе сот талқылауының барысында тікелей жарияланады.";

      4) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер басты сот талқылау барысында прокурор аса ауыр қылмысты жасады деген айыпты басқа онша ауыр емес қылмыс жасады деген айыпқа өзгертсе, сот сот отырысын қысқартылған тәртіппен жүргізу туралы мәселені қарауға тиіс.

      Тараптар істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы өтінішхат берген жағдайда істі іс жүргізуге қабылдау кезінде және оған ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер болған кезде істі алдын ала тыңдау ҚПК-нің 321-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.";

      5) 5-тармақ алып тасталсын;

      6) 6-тармақта:

      бірінші абзацта "299-300" деген цифрлар "319, 320" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2, 3, 4, 5 — абзацтарды тире белгісімен белгілеу алып тасталсын;

      бесінші абзацта "алдын ала тергеу" деген сөздерден кейін ", сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізу, кінәні мойындау туралы процестік келісім, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 7-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:

      "7. Соттың істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы шешімі басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыларда, немесе басты сот талқылауында жеке құжат ретінде, немесе оны сот отырысының хаттамасына енгізе отырып, жазылады.";

      8) 8-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу кезінде сот тергеуі ҚПК-нің 382-бабының екінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте басқа дәлелдемелерді жариялау және зерттеу талап етілмейді, өйткені оларды ешкім дауламайды және олар нанымдылығы, қатыстылығы және жол берілетіндігі бойынша танылады. Сот жарыссөзі мен істің қаралуын аяқтау сот жарыссөзі жүргізілмейтін және сотталушы соңғы сөзді сөйлемейтін, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істерді қоспағанда, ҚПК-нің 383, 384, 385, 386-баптарында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.";

      үшінші абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Егер ол іс бойынша тарап болып табылмайтын басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мән-жайларды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне әсер ететін болса, сот талқылауы қысқартылған тәртіппен жүргізілуі мүмкін емес.";

      9) 9-тармақта:

      "363-бабының төртінші бөлігінің" деген сөздер "382-бабының үшінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "366" деген цифрлар "385" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Істі сотта іс жүргізуге қабылдау сатысында басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманың елеулі бұзушылықтары анықталса, ал сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша да және басты сот талқылауы барысында да осы бұзушылықтар анықталса, сот оларды жою үшін уәжді қаулымен ҚПК-нің 323-бабының тәртібімен істі прокурорға қайтарады.

      Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу істері бойынша, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша басты сот талқылауы барысында анықталған қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі бұзушылықтар деп сотты оны жүргізу мүмкіндігінен айыратын бұзушылықтарды таныған жөн.

      Атап айтқанда, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу істері бойынша басты сот талқылауын жүргізуге ҚПК-нің 190-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша, ҚПК-нің 613-бабында көрсетілген шарттардың бұзылуы кедергі болуы мүмкін.";

      10) 10-тармақта:

      үшінші сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Айрықша жағдайларда бұл мерзім ҚПК-нің 382-бабының екінші бөлігіне сәйкес судьяның уәжді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Іс қарау мерзімдерді ұзартудың негіздері сотталушының, жәбірленушінің келмеуі; тараптардың залалды өз еркімен өтеу үшін мерзім беруге өтінішхат беруі; процестік келісім жасасу туралы өтінішхат беру және т.б. болуы мүмкін.";

      11) 12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Қысқартылған тәртіппен қаралған істер бойынша шағымдарды, соттың үкімдеріне, қаулыларына наразылықтарды апелляциялық тәртіппен қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады.";

      12) 13-тармақта:

      "және қадағалау шағымдар" деген сөздер "шағымдар, кассациялық өтінішхаттар," деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем алып тасталсын;

      13) мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "13-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау кезінде жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзімін және мөлшерін ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан асыруға болмайды.

      13-2. Кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар қылмыстық істер арнайы норма болғандықтан, ҚПК-нің 64-тарауының талаптарын сақтай отырып, келісімдік іс жүргізу тәртібімен шешіледі. Ынтымақтастық туралы процестік келісімі бар істер қысқартылған тәртіппен қаралуға жатпайды және ҚПК-нің 51-тарауына сәйкес сот шешімдерін орындау сатысында шешіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ.МӘМИ

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Қ.ШАУХАРОВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады