"Еңбекші" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 262 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N 1057 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Медетші қор" акционерлік қоғамымен бірлесіп (келісім бойынша) Франция кредит желісі шеңберінде мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында, заңнамада белгіленген тәртіппен "Еңбекші" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (бұдан әрі - "Еңбекші" ЖШС) (келісім бойынша) келісімге қол қоюды қамтамасыз етсін, онда:
      1) мемлекеттік кепілдіктің орындалуына байланысты "Еңбекші" ЖШС-ның республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты және 2009 жылдан бастап 2034 жылды қоса алғанда, есептелген сыйақыны қайтаруын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832  қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесіне сәйкес сыйақы есептеуді;
      3) борышты теңгелік баламаға аударуды көздесін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О некоторых вопросах товарищества с ограниченной ответственностью "Енбекши"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2004 года N 262. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 15 октября 2004 г. N 1057 (P041057).

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Министерству финансов Республики Казахстан совместно с акционерным обществом "Реабилитационный фонд" (по согласованию), в целях обеспечения возврата средств, отвлеченных из республиканского бюджета по гарантированному государством займу в рамках кредитной линии Франции, в установленном законодательством порядке обеспечить подписание  с товариществом с ограниченной ответственностью "Енбекши" (далее - ТОО "Енбекши") (по согласованию) соглашения, в котором предусмотреть:
      1) возврат ТОО "Енбекши" средств, отвлеченных из республиканского бюджета, в связи с исполнением государственной гарантии и начисленного вознаграждения, с 2009 года по 2034 год;
      2) начисление вознаграждения в соответствии с Правилами финансовых  процедур по исполнению бюджета и ведению форм отчетности (периодической и годовой) для государственных учреждений, содержащихся за счет государственного бюджета, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2002 года N 832;
      3) перевод долга в тенговый эквивалент.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 
            Премьер-Министр
      Республики Казахстан