Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Медетші қор" акционерлік қоғамымен бірлесіп (келісім бойынша) Франция кредит желісі шеңберінде мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында, заңнамада белгіленген тәртіппен "Еңбекші" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (бұдан әрі - "Еңбекші" ЖШС) (келісім бойынша) келісімге қол қоюды қамтамасыз етсін, онда:
1) мемлекеттік кепілдіктің орындалуына байланысты "Еңбекші" ЖШС-ның республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты және 2009 жылдан бастап 2034 жылды қоса алғанда, есептелген сыйақыны қайтаруын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесіне сәйкес сыйақы есептеуді;
3) борышты теңгелік баламаға аударуды көздесін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі