Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2017 № 140 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 512-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.";
2-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
3-тармақтағы "келісімдерді, басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтағы "және пайдаланумен" деген сөздер ", пайдаланумен және көрсетумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" және "оларға" деген сөздер тиісінше "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" және "оған" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың екінші абзацы "шетелдік" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың екінші абзацы "халықаралық" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.";
10-тармақтағы "құқығы бар" деген сөздердің алдынан ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізуге";
2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Келімбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі, төраға
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлік
Юрий Иванович және коммуникациялар бірінші
вице-министрі
Смағұлов - Қазақстан Республикасының
Болат Советұлы Индустрия және сауда вице-министрі
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы вице-министрі
Пак - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Лариса Юн-Боевна сақтау министрлігінің Фармация,
фармацевтік және медициналық
өнеркәсіп комитеті төрағасының
орынбасары
Евниев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Арман Қайратұлы шаруашылығы министрлігі Егіншілік
департаментінің директоры
Дүйсенбекова - Қазақстан Республикасының
Гүлжан Зайроллақызы Мемлекеттік материалдық резервтер
жөніндегі агенттігі Әкімшілік-қаржы
департаментінің директоры
Байшолақов - Қазақстан Республикасының Әділет
Алмат Мұратұлы министрлігі Заңға тәуелді актілер
департаментінің директоры;
мынадай:
"Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Денсаулық сақтау вице-министрі,
Александрович төрағаның орынбасары"
"Хамзин - Қазақстан Республикасының
Рүстем Назымбекұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі Халықаралық
экономикалық және қаржылық
қатынастар департаментінің
директоры"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау бірінші вице-
министрі, төрағаның орынбасары"
"Хамзин - Қазақстан Республикасының
Рүстем Назымбекұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі Халықаралық
экономикалық және қаржылық
қатынастар департаментінің
директоры, хатшы";
көрсетілген құрамнан Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Жақыпов Қабиболла Қабенұлы, Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |