"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған мемлекеттiк органдардың тiзбесi және 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Мемлекеттiк органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңарту" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сатып алынатын техниканың саны бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша) белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген тiзбеге сәйкес автомобильдер сатып алсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасымен бiрлесiп (келiсiм бойынша) белгiленген тәртiппен сатып алынған автомобильдердi тиiстi мемлекеттiк органдардың теңгерiмiне берсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 304 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк органдардың тiзбесi және 2004 жылға арналған
республикалық бюджетте 009 "Мемлекеттiк органдар үшiн
автомашиналар паркiн жаңарту" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сатып алынатын техниканың саны
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.12. N 1046 қаулысымен .
___________________________________________________________________
P/c|Мемелекеттiк органның|Автомобильдiң атауы |Саны,
N |атауы | |бiрлiк
___|_____________________|______________________|__________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
Автомобильдер сатып алу
___________________________________________________________________
1 Қазақстан Мерседес-Бенц, S класы 18
Республикасы Мерседес-Бенц, E класы 4
Президентiнің Жолсызбен жүретiн 1
Іс басқармасы автомобиль, Автобус 1
2 Қазақстан Республикасы Фольксваген Пассат 8
Парламентiнiң Автобус 1
Шаруашылық
басқармасы
___________________________________________________________________
Жиыны 33
___________________________________________________________________