Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 11 наурыздағы N 304 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 1046 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары үшiн автомобильдер сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 304  қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдар тiзбесінде және 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Мемлекеттік органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңарту" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сатып алынатын техниканың санында:
      реттiк нөмiрi 1-жолда:
      2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3, 4-бағандар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Автобус    1";
      "Жиыны" деген жолдағы "32" деген сандар "33" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады