"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық топта:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген әкiмші бойынша:
002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада:
005 "Ішкі көздер есебiнен жобаны iске асыру" деген кiшi бағдарламада:
"Қарағанды қаласы арқылы жол жүру учаскесiн қайта жаңарту" деген жолдағы "900000" деген сандар "815643" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қызыләскер - Киров автожолы бойынша ПК 254+90 көпiр өткелiндегi су тасқынынан бұзылуды қалпына келтiру 84357";
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға
123-қосымшада
:
6-тармақтың кестесiнде:
реттiк нөмiрi 3-жолдың 5-бағанының 1-тармағында:
"900000" деген сандар "815643" деген сандармен ауыстырылсын:
"Бейнеу - Ақжігiт - Өзбекстан шекарасы - 9,24 км, 466000 мың тeңгe сомасына (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң 2003 жылғы 01 шiлдедегi N 263-ПИР бұйрығы);" деген сөздерден кейiн "Қызыләскер-Киров автожолы бойынша ПК 254+90 көпір өткелiндегi су тасқынынан бұзылуды қалпына келтiру - 84357 мың теңге (Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 14 бұйрығы).";
"конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сараптауға" деген сөздерден кейiн ", көпірді сынауға" деген сөздермен толықтырылсын;
"карьерлер мен резервтердi қайта өңдеу" деген сөздерден кейiн ", су тасқынынан бұзылуды қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: iшкi қаражаттар есебiнен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес - 360,34 км автожолдар салынады және қайта жаңартылады" деген сөздерден кейiн ", су тасқынынан бұзылу зардаптары жойылады" деген сөздермен толықтырылсын.