Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.11.2016 № 680 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшін" 2004 жылғы 19 наурыздағы жолдауын халықтың салымдарын өтеу мерзiмiн ұзарту бөлiгiнде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 1406 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 48, 482-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) 2-тармақтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесiнде:
3-тармақтағы "үш шығарылыммен" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
"облигациялар шығарылған сәттен бастап бiр жылдың iшiнде" деген сөздер "2004 жылдың аяғына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) қосымша шығарылым: мұраға қалдырылған салымдарды ескере отырып, 1936 - 1940 жылдары туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына";
20-тармақтағы "облигациялар шығарылған сәттен бастап бiр жылдың iшiнде" деген сөздер "2004 жылдың аяғына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi