Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне
лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының заң актілерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 19-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124-құжат; N 15, 128-құжат):
1) 1-бапта 1-тармақта "іс-әрекетті" деген сөзден кейiн "(операцияларды)" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар қолданылады:
бiлiктiлiк талаптар - белгілi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығын алғысы келетiн немесе белгілі бiр іс-әрекет (операциялар) жасағысы келетiн жеке және заңды тұлғалар лайық болуға тиiстi талаптар;
лицензиар - лицензия беретін, қайта рәсiмдейтін, тоқтата тұратын, тоқтататын және лицензия күшін қалпына келтiретiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
лицензиат - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға немесе белгілi бiр іс-әрекет (операциялар) жасауға уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн рұқсат;
лицензиялық алым - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес лицензияланатын қызметтiң белгiлi бір түрiмен айналысу құқығы үшін немесе белгілі бiр iс-әрекет (операциялар) жасау үшін бюджет кiрiсiне алынатын алым.";
3) 3-бапта 5-тармақта "қызмет түрлерiн" деген сөздерден кейiн "(операцияларды)" деген сөзбен толықтырылсын;
4) 5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Лицензия алушыға (лицензиатқа) лицензия берудi заң актiлерiнде белгiленген және/немесе Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген лицензиарлар жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 1-1 баппен толықтырылсын:
"1-1. Лицензиялау саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметін үйлестiрудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.";
3-тармақта:
"Мемлекеттiк органдарға (лицензиарларға)" деген сөздер "Лицензиарларға" деген сөзбен ауыстырылсын;
"өкiлеттіктерiн" деген сөзден кейiн "лицензиялау саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметін үйлестiрудi жүзеге асырушы мемлекеттік органмен келiсiм бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 6-баптың үшiншi бөлiгi "орган" деген сөзден кейiн "және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 7-бапта 1-тармақта "iс-әрекетті" деген сөзден кейiн "(операцияларды)" деген сөзбен толықтырылсын;
7) 9-бапта:
1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес атом энергиясын пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерi;";
11) тармақшада:
", салу" деген сөз алынып тасталсын;
"өнеркәсiбi" деген сөз ", өнеркәсiптiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
"гидротехникалық" деген сөз "гидроэнергетикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
18), 22) тармақшалар алынып тасталсын;
26) тармақшада "мен топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сату" деген сөздер алынып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) минералдық шикізатты ұқсату (Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеудi қоспағанда);";
31) тармақшада "тексеру," деген сөз алынып тасталсын;
35) тармақша алынып тасталсын;
46) тармақшада ", экскурсиялық" деген сөз алынып тасталсын;
47), 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"47) темiр жолдың жылжымалы составын дайындау және жөндеу;
қауіптi жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердi дайындау және жөндеу;
48) жол қозғалысы қауiпсiздігін қамтамасыз етуге байланысты қызмет:
жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану;";
мынадай мазмұндағы 58), 59) және 60) тармақшалармен толықтырылсын:
"58) шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi;
59) экологиялық аудиторлық қызмет;
60) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және жұмыстар.";
2-тармағында "Табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы ортаны қорғау, сондай-ақ", "лицензиялау жөнiндегi қызметтi" деген сөздер алынып тасталсын;
8) 10-бапта:
2) тармақшада "және мал дәрiгерлiк қызметімен" деген сөздер "қызметпен" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) ветеринария саласындағы қызмет, соның iшiнде: ветеринарлық емдеу-профилактикалық; ветеринарлық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату; дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды ветеринарлық мақсаттарда сату; жануар тектес өнiмдер мен шикізаттың ветеринарлық-санитарлық сараптамасы;";
5) тармақша алынып тасталсын;
9) 15-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Лицензияланатын қызмет түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Осы Заңға сәйкес лицензияланатын, санитариялық, экологиялық кен-техникалық қадағалау және мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысын қажет ететiн қызмет түрлерiнің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтеді.";
10) 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында "өнiм" деген сөз "тауарлар (жұмыстар мен қызмет көрсетулер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 22-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында: "лицензиядағы" деген сөз "осы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 24-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензиялық тәртiп белгiленген қызметті лицензиясыз жүзеге асырудан алынған табыс Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бюджетке мiндеттi түрде алынады.";
3-тармақта "Мемлекеттiк органдар (лицензиарлар)" деген сөздер "Лицензиарлар" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат, Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
82-1-бапта бiрiншi бөлiгi алынып тасталсын.
3. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензиялануға тиiсті қызмет түрлерi
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы:
1) шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерi;
2) экологиялық аудиторлық қызмет;
3) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және жұмыстар мiндеттi түрде лицензиялануы тиiс.".
4. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 14, 200-құжат; N 22, 308-құжат; N 24, 443-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат):
4-бапта 5-тармағында алтыншы абзац алынып тасталсын.
5. "Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 7, 165-құжат):
18-баптың тақырыбында және мәтiнiнде ", салыстырып тексеру", ", салыстырып тексерудi" деген сөздер алынып тасталсын.
6. "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; 2003 ж., N 23, 168-құжат):
11-баптың 10) тармақшасында "және экскурсиялық" деген сөздер, 15-баптың 1, 2-тармақтарында ", экскурсиялық" деген сөз алынып тасталсын.
7. "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 320-құжат):
1) 9-бапта 2-тармақта 3), 4) тармақшалар алынып тасталсын;
2) 14-бапта 2-тармақта екiншi бөлігiнде екiншi сөйлем алынып тасталсын.
8. "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат):
19-бапта 1-тармақта 3) тармақшасында "адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң қызметін көрсету жөнiндегi қызметті лицензиялау," деген сөздер алынып тасталсын.
9. "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 141-құжат):
7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметтi мемлекеттiк лицензиялау
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
10. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2002 ж., N 16, 148-құжат):
1) 12-баптың 1-тармағы "лицензиялау туралы" деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына (2002 жылғы 6 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" N 284-285):
1) 7-баптың 13) тармақшасы алынып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi