Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2003 жылғы есепті бекіту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2003 жылғы есептi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2003 жылғы есеп бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi 2004 жылғы _____ дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2003 жылғы есеп және сыртқы аудиттi жүргізу нәтижелерi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы
N Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2003 жылғы есеп 2004 жыл
1-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
түсімдері және оны пайдалану туралы 2003 жылғы есеп
__________________________________________________________________
Р/с| | Сомасы
N | |(мың теңге)
__________________________________________________________________
1 2 3
__________________________________________________________________
1. Қордың есепті кезеңнiң басындағы қаражаты
Барлығы: 299110656*
2. Түсiмдер Барлығы: 229551299
Оның iшiнде:
заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс
салығы: 79070536
қосылған құн салығы -
үстеме пайдаға салынатын салық -
бонустар 326985
роялтилер 42791489
жасалған келiсімшарттар бойынша өнiмдi бөлу
жөнiндегi Қазақстан Республикасының үлесi 1426332
ресми трансферттер 12496732
Қорды басқарудан алынатын инвестициялық кiрiстер 4043647
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер 89373109
мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
учаскелерiн жеке меншiкке сатуынан түсетiн
қаражат 22469
3. Пайдаланылуы Барлығы: 428434
Оның iшiнде:
Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті 428434
жүргізуге байланысты шығыстарды жабу
4. Қордың есепті кезеңнiң аяғындағы қаражаты
Барлығы: 52823352**
__________________________________________________________________
* 166152 мың теңге мөлшерiндегi есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескере отырып
** 315682 мың теңге мөлшерiндегi есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескере отырып
2-бөлiм. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2003 жылғы есеп
1-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің балансы
мың теңге
__________________________________________________________________
| 2003 жыл | 2002 жыл
__________________________________________________________________
Активтер
Ақша және оның баламасы 26265200 2172965*
Сауда бағалы қағаздары 520234429 297605937*
Деривативтік қаржы құралдары 217507490 164482209
Дебиторлық берешек 1694617 4141696
765701736 468402807
Мiндеттемелер
Деривативтік қаржы құралдары 223399926 168321033
Кредиторлық берешек және есептелген 14384398 1137660
шығыстар
237784324 169458693
Таза активтер 527917412 298944114
Таза активтер мыналардан тұрады
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
шоты 527917412 298944114
Таза активтер 527917412 298944114
__________________________________________________________________
Ескерту:
* Dreyfs Fund US-дағы 901 700 мың теңге мөлшеріндегі сома "Сауда бағалы қағаздары" бабынан "Ақша және оның баламасы" бабына 2003 жылдың тұсаукесерінде сәйкес болу үшін қайта жіктеу жүргізілді
2-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп
мың теңге
__________________________________________________________________
| 2003 жыл | 2002 жыл
__________________________________________________________________
Кiрiстер
Сауда бағалы қағаздардан түсетiн таза
жұмсалған кiрiс 6255679 3472384
Сауда бағалы қағаздарынан түсетiн
жұмсалмаған кірiстің ұлғаюы (азаюы) 7521783 (3890023)
ЭЫДҰ елдерiнiң ностро шоттарындағы
салымдардан түсетiн сыйақы 78544 55412
Шетел валютасында деноминирленген
активтер мен мiндеттемелердi қайта
бағалаудан түсетiн жұмсалмаған
кiрiс (шығын) 13215471 (785098)
Шетел валюталарынан түсетiн
жұмсалған кiрiс (шығын) (23027830) 9221873
Инвестициялық қызметтен алынған
кiрiстер 4043647 8074548
Шығыстар
Бiрiктiрiлген шығыстар 476094 280382
Кастодиалдық қызмет көрсетуге ақы төлеу
жөнiндегі шығыстар 70335 59503
Кәсіби қызметтер көрсетуге ақы төлеу
шығыстар 11455 12929
Басқа да шығыстар 20117 14771
578001 367585
Таза кiрiс 3465646 7706963
__________________________________________________________________
3-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің ақша қозғалысы туралы есептер
мың теңге
__________________________________________________________________
| 2003 жыл | 2002 жыл
__________________________________________________________________
Операциялық қызметтен болатын ақша
ағындары
Сауда бағалы қағаздарынан түсетiн таза
кiрiс 3465646 7706963
Мыналарға түзетулер:
Шетел валютасында деноминирленген
активтер мен мiндеттемелердi қайта
бағалаудан түсетiн жұмсалмаған
(кiрiстiң) шығынның өзгеруi (13215471) 785098
Сауда бағалы қағаздары бойынша iске
асырылмаған кiрiстiң өзгеруiн азайту
(ұлғайту) (7521783) 3890023
Таза операциялық активтерде өзгергенге
дейiнгі операциялық (шығын) кiрiс (17271608) 12382084
Операциялық активтердiң азаюы
(ұлғаюы):
Сауда бағалы қағаздары (201891238) (15096174)*
Деривативтік қаржы құралдары (53025281) (164482209)
Дебиторлық берешек 2447079 (4141696)
Операциялық мiндеттемелердiң ұлғаюы:
Деривативтiк қаржы құралдары 55078893 168321033
Кредиторлық берешек және
есептелген шығыстар 13246738 1094416
Операциялық қызметте ақшаны таза
пайдалану (201415417) (101922546)*
Қаржылық қызметтен болатын ақша
ағындары
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгінен түсетiн түсiмдер 225507652 101472726
Ақша аударымдары 0 0
Қаржы жүйесінен алынған таза ақша 225507652 101472726
Ақшаның және ақша баламасының
таза ұлғаюы (азаюы) 24092235 (449820)*
Кезең басындағы ақша және
ақша баламасы 2172965 2622785
Кезең соңындағы ақша және
ақша баламасы 26265200 2172965*
__________________________________________________________________
Ескерту:
* Dreyfs Fund US-дағы 901 700 мың теңге мөлшеріндегі сома "Сауда бағалы қағаздары" бабынан "Ақша және оның баламасы" бабына 2003 жылдың тұсаукесерінде сәйкес болу үшін қайта жіктелді
4-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің таза активтеріндегі
өзгерістер туралы есептер
мың теңге
__________________________________________________________________
| Сомасы
__________________________________________________________________
2002 жылғы 1 қаңтардағы сальдо 189764425
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінен түсетiн түсiмдер 101472726
Республикалық және жергiлiкті бюджетке аударымдар (2001069)
Заңдарға сәйкес келтiру үшін 2002 жылғы аударымдар
Қорының орнын толтыруға арналған түсiмдер 2001069
Таза кiрiс 7706963
2003 жылғы 1 қаңтардағы сальдо 298944114*
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінен түсетiн түсiмдер 225507652
Республикалық және жергілiкті бюджетке аударымдар -
Таза кiрiс 3465646
2004 жылғы 1 қаңтардағы сальдо 527917412**
__________________________________________________________________
* 166152 мың теңге мөлшерiндегi 2002 жылғы есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескерусіз
** 315682 мың теңге мөлшерiндегi 2003 жылғы есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескерусіз
3-бөлiм. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару жөніндегі 2003 жылғы өзге де деректер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Қор) ақшалай қаражаты 2003 жылғы 1 қаңтарға 299110656 мың теңгенi құрады.
Қорға түскен түсiмдердiң негізгі үлесі 2003 жылы сомасы 123615342 мың теңгенi құраған шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша заңды тұлғалардан) бюджетке түсетiн жоспардан тыс түсiмдердiң есебiнен қалыптасты. Бұдан басқа, 2003 жылы Қордың шотына 89373109 мың теңге (оның iшiнде республикалық меншiктегі және экономиканың тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түскен қаражат - 56748363 мың теңге, сары металды сатудан түскен қаражат - 645946 мың теңге және "Теңiзшевройл" ЖШС жобасы жөнiндегі орай келiсiм бойынша - 31978800 мың теңге) мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке сатуынан түскен қаражат - 22469 мың теңге және республикалық бюджеттен берiлген ресми трансферттер - 12496732 мың теңге сомасында өзге де түсiмдер есептелдi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың шотына шетел валютасында есептелген түсетiн теңгенi АҚШ долларына айырбастауды кезең-кезеңмен жүргізiп отырды.
2003 жылдың iшiнде республикалық меншiктегі және тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiкті жекешелендiруден түсетiн қаражат есебiнен Қорды қалыптастырудың қосымша көздерi анықталған "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізілді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 16 шiлдедегi N 699 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргізу үшiн тәуелсiз аудиторды iрiктеу ережесiне түзетулер енгізiлдi, онда 2 жыл мерзiмге Қордың тәуелсiз сыртқы аудиторын анықтау үшiн конкурс жүргізу көзделедi.
Қорды толықтыру мақсатында сары металды сату және оны сатудан түскен қаражатты Қорға есептеу көзделетiн "Мемлекеттiң кiрiстерiн пайдаланудың бағыттарын анықтау жөнiндегі кейбiр мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 23 қыркүйектегi N 966 қаулысы бекiтiлдi.
Қосымша көздердi толықтыру және Қазақстан Республикасының Жер кодексiн iске асыру мақсатында мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке сатуынан түсетiн қаражатты Қорға есептеудi көздейтiн "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын қалыптастыру және пайдалану ережесiне толықтыру енгізiлдi.
Шикiзат секторы ұйымдарынан мемлекеттiк бюджетке түсетiн
түсiмдер және Қорға 2003 жылғы түсетiн аударымдар
(мың теңге)
__________________________________________________________________
Атауы | 2003 | Кассалық атқару
| жылғы |----------------------------------
| жоспар | Барлығы |оның ішінде
| | |-----------------------
| | | бюджетке |Ұлттық қорға
| | |есептелгені|аударылғаны
__________________________________________________________________
Қазақстан Республика. 75220987 144271045 75220987 69050058
сының Үкiметi белгі.
лейтiн тізбе бойынша
шикiзат секторы
ұйымдары-заңды тұлға.
лардан алынатын
корпоративтік табыс
салығы
Қазақстан Республи. 1939139 2353149 1939139 414010
касының Yкiметi бел.
гілейтiн тізбе бо.
йынша шикiзат сек.
торының ұйымдары
резидент заңды тұл.
ғалардан алатын,
төлем көзiнен ұста.
латын корпоративтiк
табыс салығы
Қазақстан Республи. 4912490 14518958 4912490 9606468
касының Үкiметi бел.
гілейтiн тізбе
бойынша шикiзат
секторының ұйымдары
резидент емес заңды
тұлғалардан алатын,
төлем көзiнен
ұсталатын корпора.
тивтік табыс салығы
Қазақстан Республи. 0 0 0 0
касының Үкiметi
белгілейтiн тiзбе
бойынша шикiзат
секторының ұйымдары.
нан өндiрілген тауар.
ларға, көрсетiлген
қызметтерге қосылған
құн салығы
Шикiзат секторы 0 326985 0 326985
ұйымдарынан (Қазақ.
стан Республикасының
Үкiметі белгілейтiн
тізбе бойынша заңды
тұлғалардан) алынатын
бонустар
Шикiзат секторы 39350736 82142225 39350736 42791489
ұйымдарынан (Қазақ.
стан Республикасының
Үкiметi белгілейтiн
тізбе бойынша заңды
тұлғалардан) алына.
тын роялтилер
Жасалған келiсiм. 3543964 4970296 3543964 1426332
шарттар бойынша
шикiзат секторы
ұйымдарынан (Қазақ.
стан Республикасының
Үкiметi белгілейтiн
тiзбе бойынша заңды
тұлғалардан) алына.
тын өнiмдердi бөлу
бойынша Қазақстан
Республикасының үлесі
Мемлекеттiк бюджет 124967316 248582658 124967316 123615342
бойынша жиыны
__________________________________________________________________
"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын салық және республикалық бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң жылдық көлемi 124967316 мың теңге сомасында бекiтілдi. 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан іс жүзiнде 248582658 мың теңге түсті, оның iшiнде қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес республикалық бюджетке 124967316 мың теңге есепке алынды. Нәтижесiнде шикiзат секторы ұйымдарынан Қорға түсетін жоспардан тыс түсiмдердiң сомасы 123615342 мың теңгені құрады.
Қордың ақшалай қаражаты 2004 жылғы 1 қаңтарға 528233521 мың теңгенi құрады.
Салықтардың түрлері бойынша Қорға түсетiн қаражаттың жоспардан тыс түсiмдерiнiң құрылымы тұтастай алғанда 2003 жыл үшін мынадай көрсеткiштермен сипатталады:
__________________________________________________________________
Салық төлемдерiнiң түрлері | Сомасы |Жалпы көлемдегі
| (мың теңге) | үлес (%)
__________________________________________________________________
Заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтік табыс салығы 69050058 55,86
Резидент заңды тұлғалардан
алынатын, төлем көзінен ұсталатын
корпоративтік табыс салығы 414010 0,34
Резидент емес заңды тұлғалардан
алынатын, төлем көзiнен ұсталатын
корпоративтік табыс салығы 9606468 7,77
Заңды тұлғалардан алынатын табыс
салығының барлығы 79070536 63,97
Қосылған құн салығы 0 0
Бонустар 326985 0,27
Роялтилер 42791489 34,61
Шикізат секторы ұйымдарынан алынатын
өнiмдердi бөлу бойынша Қазақстан
Республикасының үлесi 1426332 1,15
Барлығы: 123615342 100,0
__________________________________________________________________
Шикiзат секторы ұйымдарынан Қорға түсетiн жоспардан тыс түсiмдерде негізгі бөлiктi - 55,86%-ын заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы, одан кейiн үлесi түсімдердің жалпы сомасының 34,61%-ын құрайтын роялтилер және резидент емес заңды тұлғалардан алынатын 9606468 мың теңге сомасындағы немесе түсімдердiң жалпы сомасы 7,77% корпоративтiк табыс салығы құрайды. Өнiмдердi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi түсiмдердiң жалпы сомасында 1,15%-ды, резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы - 0,34%-ды және бонустар - 0,27%-ды құрады.
2. Қордың шығыстары
Қордың есебінен есепті кезеңде жалпы сомасы 428434 мың теңге Қорды басқаруға байланысты мынадай шығыстар жүргізiлдi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысымен мақұлданған Сенiмдi басқару туралы шартқа сәйкес Қорды басқарғаны үшiн сыйақы түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне 112880 мың теңге аударылды;
кастодианның қызмет көрсетулерi үшін 74063 мың теңге аударылды;
сыртқы басқарушыларға 209745 мың теңге комиссиялық сыйақы аударылды;
заң кеңесшiсiнiң қызмет көрсетулерi үшiн 1350 мың теңге аударылды;
сыртқы аудиттің қызмет көрсетулерi үшiн 9834 мың теңге аударылды;
"Barra International, Ltd" компаниясының ақпараттық қызметтерi үшiн 12670 мың теңге аударылды;
"Моrgan Stanley Capital International" компаниясының ақпараттық қызметтері үшін 1435 мың теңге төлендi;
"The Yield Вook Inc" компаниясы көрсеткен қызметтер үшін 6012 мың теңге аударылды;
"Securities Lending" келiсімі бойынша қызметтер үшін 445 мың теңге аударылды.
2003 жылғы төртiншi тоқсанда жалпы сомасы 315682 мың теңге мынадай шығыстар есепке алынды және төлеуге ұсынылды:
Қорды сенімдi басқарғаны үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы - 41462 мың теңге;
кастодианның қызмет көрсетулеріне - 16637 мың теңге;
сыртқы басқарушыларға қызмет көрсетулеріне - 246424 мың теңге;
Қордың 2003 жылғы қызметiнiң аудитi қызмет көрсетулеріне - 11159 мың теңге.