"Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес және заңнамалық кесiмдерде көзделмеген мемлекеттiң кiрiстерiн пайдаланудың бағыттарын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Монетарлық операциялар департаментiнiң шотына түскен саны 12500 трой унциясы сары металды сатсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген сары металды сатудан түсетiн қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеледi деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының орындалуы жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі