Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жедел-iздестiру қызметi мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жедел-iздестiру қызметi мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат):
1) 16-бапта "кеден ісін" деген сөздерден кейiн ", жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарға сәйкес жедел iздестiру қызметiн" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 23-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға".
2. "Жедел-iздестіру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
1) 6-баптың бiрiншi бөлiгі мынадай мазмұндағы к) тармақшасымен толықтырылсын:
"к) кеден органдары;";
2) 10-баптың 2-тармағында:
екiншi абзацтағы "қаржы полициясы" деген сөздерден кейiн ", кеден органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 12-баптың 2-тармағында:
екiншi бөлiктiң а) тармақшасында "және қаржы полициясы органдары" деген сөздер ", қаржы полициясы органдары және кеден органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiкте "қаржы полициясы органдары" деген сөздерден кейiн ", кеден органдары" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi