"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жедел-iздестiру қызметi мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 мамырдағы N 507 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жедел-iздестiру қызметi мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба   

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жедел-iздестiру қызметi мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат):
      1) 16-бапта "кеден ісін" деген сөздерден кейiн ", жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарға сәйкес жедел iздестiру қызметiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 23-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға".

      2. "Жедел-iздестіру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
      1) 6-баптың бiрiншi бөлiгі мынадай мазмұндағы к) тармақшасымен толықтырылсын:
      "к) кеден органдары;";
      2) 10-баптың 2-тармағында:
      екiншi абзацтағы "қаржы полициясы" деген сөздерден кейiн ", кеден органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 12-баптың 2-тармағында:
      екiншi бөлiктiң а) тармақшасында "және қаржы полициясы органдары" деген сөздер ", қаржы полициясы органдары және кеден органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiкте "қаржы полициясы органдары" деген сөздерден кейiн ", кеден органдары" деген сөздермен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады