"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 15-бабына сәйкес, сондай-ақ "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкiмшiлiк жүргiзудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеу кезеңiне "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" салық комитетi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Комитеттi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 сәуiрдегi N 495 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерi штат саны лимиттерiнiң шегiнде Комитеттiң штат санын белгiлеу;
2) Комитет туралы ереженi бекiту және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министpi