"Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң "Ақпараттық технологиялар паркі" салық комитетi" мемлекеттік мекемесiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 мамырдағы N 572 қаулысы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi)  15-бабына сәйкес, сондай-ақ "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкiмшiлiк жүргiзудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеу кезеңiне "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" салық комитетi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.

      2. Комитеттi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 сәуiрдегi N 495  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерi штат саны лимиттерiнiң шегiнде Комитеттiң штат санын белгiлеу;
      2) Комитет туралы ереженi бекiту және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды,  сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министpi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады