"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 23 наурыздағы N 1317 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" бөлiмiнде:
3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында:
3 "Сот қызметi" кiшi функциясында:
501 "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" әкiмшiсi бойынша:
001 "Сот жүйесi органдарының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша:
100 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметiн қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасында "545477" деген сандар "563579" деген сандармен ауыстырылсын;
103 "Жергілiктi соттар" кiшi бағдарламасында "5777053" деген сандар "5758951" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға
344-қосымшада
:
2-тармақ "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29
Жарлығы
" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
реттік нөмiрi 6-жолдың 5-бағанында:
"179 бiрлiк" деген сөздердің алдынан "саны 48 бiрлiк Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттарын және" деген сөздермен толықтырылсын;
"179" деген сандар "164" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 9-жолдың 5-бағанындағы "8167" деген сандар "8134" деген сандармен ауыстырылсын.