Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 574 қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығына  өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 23 наурыздағы N 1317  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығындар" бөлiмiнде:
      3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында:
      3 "Сот қызметi" кiшi функциясында:
      501 "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" әкiмшiсi бойынша:
      001 "Сот жүйесi органдарының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша:
      100 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметiн қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасында "545477" деген сандар "563579" деген сандармен ауыстырылсын;
      103 "Жергілiктi соттар" кiшi бағдарламасында "5777053" деген сандар "5758951" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға  344-қосымшада :
      2-тармақ "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығы " деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      реттік нөмiрi 6-жолдың 5-бағанында:
      "179 бiрлiк" деген сөздердің алдынан "саны 48 бiрлiк Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттарын және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "179" деген сандар "164" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмiрi 9-жолдың 5-бағанындағы "8167" деген сандар "8134" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады